Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Мектеп бітірушінің жадынамасы

 Мектеп бітірушінің жадынамасы.Ұлттық бірыңғай тестілеу - 2012
1. Тестілеуге өтініш беру
Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысуға өтінішті мектеп бітіруші 10 наурыздан 25 сәуірге дейін береді.
Өтінішті өзі білім алып жатқан білім беру мекемесінде толтырады.
Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:
жеке басын куәландыратын құжат;
2 фотосурет (3х4 өлшемді)
Өтініш деректер базасына енгізілгеннен кейін мектеп бітірушіге:
мектеп бітірушінің тіркелгендігі жөнінде анықтама;
тестілеуге кіруге рұқсаттама беріледі.
Оқу орны өтініш қабылдаудан бас тартқан жағдайда Сізге ҰБТ өткізу пунктіне (ҰБТӨП) барып беруге болады.
 
 
2. ҰБТ-ны өткізу тәртібі
ҰБТ бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі және қабылдаудың типтік ережелеріне сәйкес таңдаған мамандыққа байланысты таңдау пәні бойынша пәндердің біреуіне сәйкес өткізіледі.
ҰБТ нысанында тапсырылатын мектеп бітірушінің таңдау пәндері: география, физика, биология, химия, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі.
Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін мамандықтарды таңдаған бітірушілер үшін төртінші пәнді таңдау ерікті.
ҰБТ жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірленген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шығуы мүмкін емес.
ҰБТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады.
Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25.
ҰБТ-ның нәтижелері 125 балдық жүйе бойынша және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес балдық жүйе бойынша бағамен бағаланады.
 
3. Тестілеудің мерзімі мен ұзақтығы
Тестілеу ҰБТӨП-те 1 маусымнан 15 маусымға дейін жүргізіледі.
ҰБТ-ның басталу уақыты – сағат 09.00.
ҰБТ-ға бөлінетін уақыт – 3,5 астрономиялық сағат.
Алғашқы және соңғы сағаттарда аудиториядан шығуға тыйым салынады. Қалған уақыттарда аудиториядан дәліз кезекшісімен бірге ғана шығуға болады.
 
4. Апелляция
Тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтінішті бітіруші тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 14-ке дейін бере алады және апелляциялық комиссия өтінішті бір тәулік мерзімінде қарайды.
Өтініш берушіде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат және ҰБТ-ға кіруге рұқсаттамасы болуы керек.
Апелляция тест тапсырмаларының мазмұны бойынша мынадай жағдайларда беріледі:
тест тапсырмасы дұрыс құрылмаған;
дұрыс жауабы жоқ;
бірнеше дұрыс жауабы бар.
Техникалық себептер бойынша апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:
дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер 2 дөңгелекше ретінде оқыған;
дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер оқымаған.
Өтініш беру барысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің себебін көрсету керек.
 
5. Аттестатқа бағалар қою
Балдарды аттестаттың бағаларына ауыстыру шкалаға сәйкес жүргізіледі
№Пән2 (қанағатсыз)3 (қанағат)4 (жақсы)5(үздік)
1Қазақ тілі0-34-1314-2021-25
2Орыс тілі0-34-1314-2021-25
3Қазақстан тарихы0-34-1314-2021-25
4Математика0-34-1112-1920-25
5Физика0-34-1112-1920-25
6Химия0-34-1112-1920-25
7Биология0-34-1314-2021-25
8География0-34-1314-2021-25
9Дүниежүзі тарихы0-34-1314-2021-25
10Қазақ әдебиеті0-34-1314-2021-25
11Орыс әдебиеті0-34-1314-2021-25
12Ағылшын тілі0-34-1314-2021-25
13Неміс тілі0-34-1314-2021-25
14Француз тілі0-34-1314-2021-25
15Орыс мектеп теріне арналған қазақ тілі0-34-1112-1718-25
16Қазақ мектеп теріне арналған орыс тілі0-34-1112-1718-25
 
6. Сертификат
ҰБТ тапсырған бітірушілерге беріледі:
ҰБТ нәтижесі туралы сертификат;
жалпы орта білім туралы аттестат.
Сертификаттың жарамдылық мерзімі - ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін.
 
7. Білім беру гранты
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсы кезінде қазақ тілі немесе орыс тілінің (оқыту тілі), Қазақстан тарихының, математика және таңдау пәнінің балдары ескеріледі.
 Конкурсқа қатысу немесе ақылы оқуға түсу үшін 50 балдан төмен жинамау керек, ұлттық жоғары оқу орындарына түсушілер 70 балдан төмен жинамау керек, соның ішінде бейіндік пәннен 7 балдан (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан), ал қалған ҰБТ пәндерінен (оның ішінде қазақ мектептерінде оқытылатын орыс тілі мен орыс мектептерінде оқытылатын қазақ тілінен) 4 балдан төмен болмауы керек.
Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді ЖОО-ның қабылдау комиссиялары 20 маусымнан 1 шілдеге дейін қабылдайды.
Шығармашылық емтиханды 2-7 шілде аралығында өздері таңдаған ЖОО-ның қабылдау комиссияларында тапсырады.
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау 23 – 31 шілде аралығында жүргізіледі.
Конкурс 1 – 10 тамыз аралығында өткізіледі.
Білім беру грантының иегерлері бұқаралық ақпарат құралдарында («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда») жарияланады
 
Назар аударыңыз!!!
Бітіруші тестілеуден өту үшін ҰБТӨП-ке рұқсаттамада көрсетілген күні өзімен бірге келесі құжаттарды алып келу керек:
ҰБТ-ға кіруге рұқсаттама;
жеке басын куәландыратын құжат;
қара сиялы қалам;
ҰБТ кезінде бітірушіге тыйым салынады:
сөйлесуге;
орнынан тұруға;
орын ауыстыруға;
кез-келген материалдар және заттармен алмасуға;
калькуляторларды, фотоаппараттарды, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшетниктер, т.б.), ноутбуктар, плейерлер, шпаргалкалар және анықтамалық құжаттарды (Меделеев кестесі мен тұздардың ерігіштік кестесінен басқа) қолдануға және аудиторияға алып кіруге.
Көрсетілген материалдар мен құралдарды пайдалануға аудиторияларда ғана емес, тестілеу кезеңінде барлық ҰБТӨП-те тыйым салынады.
Тестілеу кезінде тәртіп бұзушылықтардың алдын алу үшін және тестіленушілерді қорғау мақсатында тестілеуге кіргізу барысында барлығы металіздегіштердің көмегімен тексеруден өтеді, тестілеу кезінде ұялы байланыс желісін сөндіру құралдары қолданылады.
Бітіруші аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзғанда және тыйым салынған заттарды қолданған жағдайда
Министрлік өкілінің шешімімен бітіруші қайта тапсыру құқығынсыз аудиториядан шығарылады, ал оның тест нәтижелері жойылады.
Тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде (3,5 сағат) бітіруші емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда оның жұмысы өңделмейді.
ҰБТ кезінде мектеп бітірушіге:
 
Сұрақ-кітапшалары таратылғаннан кейін, олардағы беттердің санын түгендеуі және баспаханалық ақаулардың болмауын тексеруі тиіс; Осындай ақаулар кездескен жағдайда кезекшіге немесе Министрлік өкіліне хабарлау керек;
Мұқият болу керек! Тестілеу басталарда емтихан материалдарымен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде қажетті мағлұматты хабарлайды;
Тестілеу кезінде тәртіп сақтау ережесін сақтауы тиіс! Егер Сіз аудиториядағы ҰБТ-ны ұйымдастырушыға сұрақ қойғыңыз келсе, қолыңызды көтеріңіз, орныңыздан айқайлап сұрамаңыз. Аудиториядағы тыныштық пен тәртіптің сақталуы емтихан материалдардының мазмұнын жақсырақ түсінуге көмектеседі;
Ойын жинақтауы тиіс! Бланктің қызметтік секторларын толтырып, өзіңізге түсініксіз жағдайларды анықтап болғаннан кейін, айналадағылар туралы ұмытып, ойыңызды жинақтауға тырысыңыз. Сіз үшін тапсырма мазмұны мен тестті орындауға жұмсалатын шектеулі уақыт қана маңызды болуы тиіс;
Қорықпау керек! Уақыттың қатаң шектеулері сіздің жауаптарыңыздың сапасына әсер етпеуі керек! Жауаптарыңызды енгізбес бұрын, сізден не талап етілетіндігін дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізіңіз;
Тапсырманы соңына дейін оқып шығу керек! Асығыстық сіздің тапсырма шартын алғашқы сөздерінен-ақ түсінуге тырысуыңызға және соңын өз қиялыңыз бойынша аяқтауға әкеліп соқпауы тиіс;
Тексеруі тиіс! Өз жұмысыңызды тексеру үшін, тым болмаса, жауаптарыңызға тез көз жүгіртіп шығып, көрінген қателеріңізді байқауға міндетті түрде уақыт қалдырыңыз.
Назарыңызда болсын! Сіздің тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда нақтылы тапсырма бойынша апелляцияға өтініш беруге құқыңыз бар.
Сіздің Ұлттық бірыңғай тестілеуде өз біліміңізді дәлелдейтін нәтижелерге қол жеткізуіңізге тілектеспіз!
 
Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online