Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Білім басқармасының ережесі

Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы «___»_____________
№________ қаулысымен
бекітілді

«Алматы қаласы Білім басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

Жалпы ережелер

         1. «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматының қаласы аумағында білім беру саласындағы бақылауды  және мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асырушы мемлекеттік орган болып табылады.
2. «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, Алматы қаласы мәслихатының шешімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес казынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

Толығырақ....

 

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online