Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Алматы қаласы Білім басқармасы мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды:

Алматы қаласы Білім басқармасы

мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының

бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды:

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 3 қабат, 366 кабинет. Байланыс телефондары: 8 (727) 2622751; 8 (727) 2716627; Факс: 8 (727) 2716509. Электрондық почта мекенжайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.. Почталықмекенжай: 050001

         Конкурс өткізуқағидалары"Мемлекеттік орта білім беру мекемелерініңбасшыларынконкурстықтағайындауқағидаларынбекітутуралы" ҚазақстанРеспубликасыБілімжәнеғылымминистрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығыменбекітілген. (ҚР Білімжәнеғылымминистрлігінің 28.09.2018 жылғы №510 бұйрығыменөзгерістеренгізілген)

        

Мектепке дейінгі білім беретін ұйым басшыларының лауазымдық міндеттері:Лауазымдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.

Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді. Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.

Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымын танытады. МДҰ-ның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Қосымша бiлiм беру ұйымы басшысының лауазымдық міндеттері:

Лауазымдық міндеттері: Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдарын ұйымның Жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы әлеуметтік, қосымша білім беретін, коммуникативті қызметтерді көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысы мен өзара әрекетін ұйымдастырады.

Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды. Шағын аудандарды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде ұйымның білім алушыларының және қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдай жасайды. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады.

Білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша алыс және жақын шетелдер балаларына арналған қосымша білім беру ұйымымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Басқару құрылымын анықтайды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады. Білім алушылар контингентін қалыптастырады. Педагогикалық қызметкерлер мен әдістемелік бірлестіктер жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңес пен қоғамдық ұйымдар, оның ішінде балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.

Есепті, оқу-материалдық базаларды сақтауды және толықтыруды, санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті сақтау және техника қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық кадрлар мен қосалқы персоналдарды іріктеу және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың ата-аналарымен (оларды алмастырушы тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Есептілікті дайындау және қажетті ұсынысты қамтамасыз етеді. Барлық органдарда ұйымның мүддесін қорғайды және Қазақстан Республикасы заңнамаларында тыйым салынбаған өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі немесе тиісті бейін бойынша жоғары білімі, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Меңгерушінің лауазымдық жалақы мөлшері жұмыс өтіліне байланысты 82 468 теңгеден 99 988 теңгеге дейін.

Қосымша білім беру мекемесі директорының лауазымдық жалақы мөлшері жұмыс өтіліне байланысты 87 600 теңгеден 106 182 теңгеге дейін.

1.  «№ 37 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: Нұркент ы/а., 13 үй. 

2.  «№ 164 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: Шаңырақ-2 а/а., Жанқожа батыр к-сі, 193 үй.Тел. 380-87-63, 275-85-42.

3.  «№ 183 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: Саялы ы/а., 50 үй.

4.  «№ 7 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: Клочков к-сі, 26 үй. Тел. 375-30-60, 375-03-22, 375-10-70, 222-35-44.

    5.  «№ 144бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы:Ақсай-2 ы/а., 69/1 үй. Тел. 373-31-79, 373-19-81.

6.  «№ 87 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: Си Синхай к-сі, 14 үй. Тел. 396-43-36, 396-14-54, 396-43-37.

7.  «№ 89 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: Орбита-4 ы/а., 25 Б үй. Тел. 254-71-01, 254-71-07.

8.  «№ 140 бөбекжай-балабақшасы» МКМ меңгерушісі, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: Сәтпаев к-сі, 101/1 үй. Тел. 393-93-50, 393-93-40, 393-93-33.

9.  «№ 169 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: Көкжиек ы/а., 65 үй. Тел. 399-82-46.

10.  «№ 179 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: Айнабұлақ-3 ы/а., 165 үй. Тел. 234-28-49.

11.  «№ 59 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: Нұршашқан ы/а., Қонаев к-сі, 6 үй. Тел. 232-72-92.

12.  «№ 65 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: Шолохов к-сі, 51 үй. Тел. 224-42-99, 296-23-46.

13.  «№ 1 оқушылар үйі» МКҚКдиректоры, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: Федченко к-сі, 51 үй. Тел. 381-40-55, 381-40-58.

14.  «№ 10 балалар музыкалық мектебі» МКҚК директоры, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: Клочков к-сі, 49 үй (№135 ЖББМ ғимаратында). Тел.242-53-13.

15.  «№ 6 өнер мектебі» МКҚК директоры, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: Тілендиев к-сі, 35 үй. Тел. 374-03-98, 374-03-88.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);

          11) мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.

Осы қағидалардың 12-тармағындакөзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысуүшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

            Құжаттарды қабылдау мерзімі бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газетінде) конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап, 7 жұмыс күніішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: инд.050001. Алматы қаласы, Республика алаңы 4 үй, 366 және 358 кабинеттер, тел: 271-66-27, 262-27-51. Факс: 8(727) 262-34-82.

Конкурс үш кезеңде өткізіледі:

1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

2) бөбекжай-балабақшаның қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу;

3) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.

Кандидаттар Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, сондай-ақ педагогика, психология негіздері бойынша тестілеуден өтеді.

Тестілеу 2019 жылғы 24 сәуірде өтеді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер тізімі Алматы қаласының Білім басқармасының интернет-ресурсында орналастырылады.

Кандидаттармен әңгімелесу «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді. (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 4 этаж, 449 кабинет). Телефон анықтамалығы: 8(727)262-27-51, 271-66-27, факс 8(727)262-34-82, сайт: www.dep.edualmaty.kz.

Конкурс қатысушыларының конкурс нәтижелеріне заңнамада белгіленген тәртіппеншағымдануына мүмкіндігі бар.

Құжаттарды қабылдау 2019 жылғы 23 сәуір күні аяқталады.

Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

777 2

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online