Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Алматы қаласы Білім басқармасы

мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының

бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды:

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 3 қабат, 358 кабинет. Байланыс телефондары: 8 (727) 2622751; 8 (727) 2716627; Факс: 8 (727) 2716509. Электрондық почта мекенжайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.. Почталықмекенжай: 050001

         Конкурс өткізуқағидалары"Мемлекеттік орта білім беру мекемелерініңбасшыларынконкурстықтағайындауқағидаларынбекітутуралы" ҚазақстанРеспубликасыБілімжәнеғылымминистрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығыменбекітілген. (ҚР Білімжәнеғылымминистрлігінің 28.09.2018 жылғы №510 бұйрығыменөзгерістеренгізілген)

         Конкурсқақатысуүшінкандидаттарданмыналарталапетіледі: жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде 5 жылдан, ауылдық жерде 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Мемлекеттік білім беретін ұйымы басшысының лауазымдық міндеттері:Лауазымдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.

Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді. Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.

      Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымын танытады. МДҰ-ның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Меңгерушінің лауазымдық жалақы мөлшері жұмыс өтіліне байланысты 82 468 теңгеден 99 988 теңгеге дейін.

1. «№ 7 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: Клочков к-сі., 26 үй. 375-30-60. 

2. «№ 19 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: С.Сейфуллин к-сі., 557 үй.Тел. 267-58-98.

3. «№ 47 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: Щепкин к-сі,. 73 үй.Тел. 309-07-22.

4. «№ 87 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: Си Синхай к-сі., 14 үй. Тел. 396-43-36.

5. «№ 89 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: Орбита-4 ы/а., 25Б үй. Тел. 254-71-01.

6. «№ 140 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: Қ.Сәтпаев к-сі, 101/1 үй. Тел. 293-93-50.

7. «№ 59 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: Колхозшы ы/а., Д. Қонаев к-сі., 6 үй. Тел. 232-72-92.

8. «№ 37 бөбекжай-балабақшасы» МКМ меңгерушісі, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: Б.Момышұлы к-сі, 6 үй. Тел. 232-72-92.

9. «№ 164 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: Шаңырақ-2 ы/а., Жанқожа батыр к-сі., 193 үй. Тел. 380-87-63.

10. «№ 179 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: Айнабұлақ-3 ы/а., 163 үй. Тел. 234-28-49.

11. «№ 183 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: Саялы ы/а., 50 үй. Тел. 393-81-80.

12. «№ 169 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: Көкжиек ы/а., 65 үй. Тел. 399-82-46.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);

         11) мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.

Осы қағидалардың 12-тармағындакөзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

         Құжаттарды қабылдау мерзімі бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газетінде) конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап, 7 жұмыс күніішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: инд.050001. Алматы қаласы, Республика алаңы 4 үй, 366 және 358 кабинеттер, тел: 271-66-27, 262-27-51. Факс: 8(727) 262-34-82.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2019 жылғы 25 қаңтарда аяқталады. 

Конкурс үш кезеңде өткізіледі:

1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

2) бөбекжай-балабақшаның қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу;

3) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.

Кандидаттар Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, сондай-ақ педагогика, психология негіздері бойынша тестілеуден өтеді.

Тестілеу 2019 жылғы 30 қаңтарда өтеді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер тізімі Алматы қаласының Білім басқармасының интернет-ресурсында орналастырылады.

Кандидаттармен әңгімелесу «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді. (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 4 этаж, 449 кабинет). Телефон анықтамалығы: 8(727)262-27-51, 271-66-27, факс 8(727)262-34-82, сайт: www.dep.edualmaty.kz.

Конкурс қатысушыларының конкурс нәтижелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануына мүмкіндігі бар.

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online