Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

«Алматы қаласы Білім басқармасы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос тұрғанмемлекеттік орта білім беру мекемелерініңбасшыларылауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 3 қабат, 358 кабинет. Байланыс телефондары: 8 (727) 2622751;8 (727) 2716627; Факс: 8 (727) 2716509. Электрондық почта мекенжайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.. Почталықмекенжай: 050001

         Конкурс өткізу қағидалары "Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген. (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 28.09.2018 жылғы №510 бұйрығымен өзгерістер енгізілген)

         Конкурсқа қатысу үшін кандидаттардан мыналар талап етіледі:жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім; педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл; бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, әдістемелік қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда)

Мемлекеттік білім беретін ұйымы басшысының лауазымдық міндеттері:

         Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.  Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді. Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

         Директордың лауазымдық жалақы мөлшері жұмыс өтіліне байланысты 92 200 теңгеден 111 845 теңгегедейін.

1. «№ 180 жалпы білім беретін мектеп»КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекен-жайы: Саялы ы.а., Аққайнар к-сі, 7. Тел. 338-39-07.

2. «№ 181 жалпы білім беретін мектеп»КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекен-жайы: Ақкент ы.а, 19.Тел. 246-70-62.

3. «№ 8 мектеп-лицей»КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекен-жайы: Қабанбай батыр к-сі, 125.Тел.292-01-49.

4. «№ 95 жалпы білім беретін мектеп»КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекен-жайы: Ә. Шәріпов к-сі 53. Тел.253-53-59.

5. «№ 96 жалпы білім беретін мектеп»КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекен-жайы: Н. Тілендиев к-сі 35. Тел. 374-03-90.

6. «№ 5 мектеп-гимназия»КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекен-жайы: №5 ы/а, 16.Тел.303-85-45.

7. «І. Жансүгіров атындағы № 130 гимназия» КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекен-жайы: Тастақ-1 ы/а, Фуркат к-сі, 26А.Тел. 381-66-91.

8. «№ 88 жалпы білім беретін мектеп»КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекен-жайы: Қазақфильм ы.а., 34. Тел.299-07-04, 269-73-72, 269-72-07.

9. «№ 94 мектеп-гимназия»КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекен-жайы: Ю.Гагарин к-сі, 135А. Тел. 392-05-50.

10. «№2 жалпы білім беретін мектеп»КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекен-жайы: Черкасская оборона, 71.Тел. 382-06-21.

11. «№ 118 мектеп-гимназия»КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекен-жайы: Айнабұлақ-2 ы/а., 65. Тел. 252-36-99.

12. «А.С. Пушкин атындағы № 4гимназия»КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекен-жайы: Янушкевич к-сі., 58. Тел. 397-43-56.

13. «№ 48 мектеп-лицей»КММ директоры, лауазымдық жалақысы штаттық кестеге сәйкес. Заңды мекен-жайы: Достық даңғылы 310Б. Тел. 386-75-79, 381-49-86.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);

         11) мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.

Осы қағидалардың 12-тармағындакөзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

         Құжаттарды қабылдау мерзімі бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газетінде) конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап, 7 жұмыс күніішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: инд.050001. Алматы қаласы, Республика алаңы 4 үй, 366 және 358 кабинеттер, тел: 271-66-27, 262-27-51. Факс: 8(727) 262-34-82.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2019 жылғы 25 қаңтарда аяқталады. 

Конкурс үш кезеңде өткізіледі:

1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

2) мектептің қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу;

3) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.

Кандидаттар Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, сондай-ақ педагогика, психология негіздері бойынша тестілеуден өтеді.

Тестілеу 2019 жылғы 30 қаңтарда өтеді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер тізімі Алматы қаласының Білім басқармасының интернет-ресурсында орналастырылады.

Кандидаттармен әңгімелесу «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді. (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 4 этаж, 449 кабинет).Телефон анықтамалығы: 8(727)262-27-51, 271-66-27, факс 8(727)262-34-82, сайт: www.dep.edualmaty.kz.

Конкурс қатысушыларының конкурс нәтижелеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануына мүмкіндігі бар.

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online