Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Алматы қаласы Білім басқармасы
мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының
бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды:

  1. «№ 139 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: Мақатаев к-сі, 99 үй. Тел. 279-91-84, 279-94-42.

Үміткерге қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және мектепке дейінгі ұйымдарындағы педагогикалық жұмысы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.

  1. «№ 35 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК меңгерушісі, лауазымдық ақысы штат кестесіне сәйкес. Заңды мекенжайы: 6 ы/а., 52 үй.  Тел. 301-02-72, 301-04-84.

Үміткерге қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және мектепке дейінгі ұйымдарындағы педагогикалық жұмысы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелері қызметінің мәні:
Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газеттерінде) конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап, 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға өткізілуі тиіс: инд.050001, Алматы қаласы, Республика алаңы 4 үй, 366 және   358 кабинеттер, тел: 271-66-27, 262-27-51, факс: 8(727)262-34-82.
Конкурсқа қатысу үшін конкурс комиссиясымен бекітілген мерзімде басшылық лауазымына үміткер мынадай құжаттарды өткізуі қажет:

  1. комиссия төрағасының атына тіркелген орны мен нақты тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефондары көрсетілген өтініш;
  2. мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
  3. еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны еңбек шартының тоқталғаны туралы бұйрықтарының көшірмесі;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының  бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық министрі міндетін атқарушысының              2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) жеке куәлігінің көшірмесі;
8) кадр есебі бойынша жеке парағы, суретімен;
9) бұрынғы жұмыс орнынан жазаға тарту мен көтермелеу туралы мәліметімен өндірістік мінездеме;
10) соттылығы туралы анықтама.
     Конкурсқа қатысу үшін өткізген құжаттардың көшірмесі нотариалды немесе жұмыс орнындағы кадр қызметімен расталады.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттарының көшірмесі, сондай-ақ жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Құжаттарды қабылдау аяқталған соң 10 жұмыс күні ішінде Алматы қаласының Білім басқармасында үміткерлер әңгімелесуден өтеді.
Анықтама үшін телефондар: 271-66-27, 262-27-51, факс 8(727) 262-34-82, сайт: www.dep.edualmaty.kz.
Құжаттарды қабылдау 2017 жылғы 7 қазанда аяқталады.

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online