Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

«Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Алматы қаласы Білім басқармасы»
КММ мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 358 кабинет, анықтама үшін телефондар: 2622751, 2716627, факс: 2623482, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк бос лауазымындарына ішкі конкурс жариялайды:

Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:
D-O-3 санаты бойынша: жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменг санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілібір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдардамемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негіздеқ ызметететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстықмаңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екіжылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

1. Техникалық қадағалау бөлімінің басшысы, D-О-3 санаты, 1 бірлік. 


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

D-О-3

109 932

148 242

Функционалдық міндеттер: Білім беру нысандарының күрделі, кешенді және таңдаулы жөндеу жұмыстарын техникалық қадағалау. Білім беру нысандарының техникалық жағдайын бақылау. Білім беру нысандары құрылысының жоспарларын әзірлеу. Білім беру нысандарын жөндеудің бірінші парағын әзірлеу. Білім жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу және шаралар қабылдау; органдар мен ұйымдармен бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша өзара жұмыс жасау; басшыларға, жұмыскерлерге және ата-аналарға білім беру нысандарын жөндеу мәселелері бойынша кеңес беру. Басқарма басшылығымен анықталатын басқа уәкілеттіктерді жүзеге асыру.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Технология және техника ғылымы саласындағы  жоғары білім.
2. Алатау аудандық білім бөлімінің басшысы, D-О-3 санаты, 1 бірлік. (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысынан шығуына дейін (21.10.2020жыл.))


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

D-О-3

109 932

148 242

Функционалдық міндеттер: Білім беру саласында мемлекет саясатын іске асыру, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік оқу бағдарламаларын іске асыру үшін жағдай жасау. Аудан аумағында ҚР «Білім туралы» Заңын жүзеге асыруды ұйымдастыру, құқықтық және ақпараттық қамтамасыз ету, білім туралы заңнаманың орындалуы бойынша қадағалау функцияларды орындау. Ауданның білім беру ұйымдарындағы бюджеттік қаражаттардың игерілуін қадағалау, мемлекеттік оқу-тәрбие мекемелері мен ұйымдарының желісін дамыту және тиімді орналастыру бойынша шаралар қабылдау. Ауданда мемлекеттік қызмет көрсету сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Ауданда мемлекеттік қызмет көрсету сақталуын үйлестіру. Басқарма басшылығымен анықталатын басқа уәкілеттіктерді жүзеге асыру.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білім немесе құқық саласындағы  жоғары білім.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған құжат тапсырғанға дейінгі мерзімі 30 күннен ары емес мерзімдегі қызметтік тізім.
Құжаттардың толық немесе талапқа сай болмауы конкурстық комиссияның ол құжаттарды қарамауға негіз болып табылады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн Алматы қаласы Білім басқармасына құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде Алматы қаласы Білім басқармасының электрондық почтасы не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекен-жай бойынша басқармаға тапсырылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы Білім басқармасында өтеді.
Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар және сарапшылардың қатысуына жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды.
Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы Сейфуллин даңғылы 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы жүгінуге құқылы.
Өтініш қосымшасы (қосымша 2) бірге беріледі.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша 

 

 

__________________________
(мемлекеттік орган)   

 

Өтініш

Мені______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:______________________________________ _____________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________________
__________________________________________________________________________________                   
  қолы  _______________________________  (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.

 

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online