Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

«Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк са

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы                     21 желтоқсанда №12449 тiркелген «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн оларды аттестаттаудан өткiзуге құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы    9 қарашадағы №632 бұйрығын орындау мақсатында, Алматы қаласы Білім басқармасы (әрі қарайқызмет беруші) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн оларды аттестаттаудан өткiзуге құжаттарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды.
Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады:
Алматы қаласы, Қалдаяқов көшесі,
№ 62 а үй, Бөгенбай батыр көшесінің қиылысы,
№ 208 кабинет,  байланыс телефоны: 291-12-69.

 

 

 

 

 

 

 

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн оларды аттестаттаудан өткiзуге құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 9 қарашадағы № 632 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 21 желтоқсанда № 12449 болып тiркелдi


Қазақстан Республикасы  
Бiлiм және ғылым министрiнiң
2015 жылғы 9 қарашадағы 
№ 632 бұйрығына    
1-қосымша        
«Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта,
жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi
бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының
педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға
бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн аттестаттаудан
өткiзуге құжаттар қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
      1. «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн аттестаттаудан өткiзуге құжаттар қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
      2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) әзiрледi.
      3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, мектепке дейiнгi, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдары (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн құжаттарды қабылдау және нәтижеciн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi – 20 минут.
      1) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 20 минут;
      2) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзiнде.
      6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн оларды аттестаттаудан өткiзуге құжаттарды қабылдау осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы қолхат болып табылады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз жүзiнде.
      7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.
      8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 09.00-ден 18.00, 18.30-ға дейiн.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижелерiн беру сағат 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      9. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн аттестаттаудан өткiзуге құжаттар тiзбесi:
      1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес аттестаттауға өтiнiш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат көшiрмесi;
      3) бiлiмi туралы диплом көшiрмесi;
      4) бiлiктiлiктi арттыру туралы құжат көшiрмесi;
      5) қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжатының көшiрмесi;
      6) бұрын берген бiлiктiлiк санаты туралы куәлiк көшiрмесi (жоғары бiлiм беру ұйымдарынан ауысқан және бiлiктiлiк санаттары жоқ педагог қызметкерлерден басқа);
      7) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң мiндетiн атқарушының 2013 жылғы 7 тамыздағы № 323 бұйрығымен бекiтiлген Бiлiм және ғылым саласындағы азаматтық қызметшiлердi аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейiнгi, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында жұмыс iстейтiн педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген тұлғаларды аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шартына сәйкес (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2013 жылғы 28 тамызда № 8678 болып тiркелген) кәсiптiк жетiстiктерi туралы мәлiметтер (болған жағдайда).
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша республикалық
маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы
бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының, мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану
тәртiбi
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану үшiн жазбаша түрде шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.
      Шағымда көрсетiлетiн қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болcа), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетiледi. Шағымға көрсетiлетiн қызметтi алушы қол қояды. Шағымды қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiлiп, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркелуi (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.
      Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.
      11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң, оның iшiнде электронды
нысанда көрсетiлетiн қызмет ерекшелiктерi ескерiле отырып
қойылатын өзге де талаптар
      12. Мемлекеттiк қызмет көрсету мекенжайлары мен орындары көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкiндiгi бар.
      14. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефоны: 8-800-080-777, Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) (бұдан әрi – Т.А.Ә.)
              ____________________________________________
               (көрсетiлетiн қызметтi алушының мекенжайы)
Қолхат № ____
Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта,
жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм
беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог
қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк
санаттарын беру (растау) үшiн аттестаттаудан өткiзуге құжаттар
қабылдау туралы
__________________________________________________________________
(көрсетiлетiн қызметтi алушының немесе оның заңды өкiлiнiң Т.А.Ә.)
көрсетiлетiн қызметтi берушi мынадай құжаттарды (қажетiн белгiлеу)
алды:
      1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес аттестаттауға
өтiнiш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат көшiрмесi;
      3) бiлiмi туралы диплом көшiрмесi;
      4) бiлiктiлiктi арттыру туралы құжат көшiрмесi;
      5) қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжатының көшiрмесi;
      6) бұрын берген бiлiктiлiк санаты туралы куәлiк көшiрмесi
(жоғары бiлiм беру ұйымдарынан ауысқан және бiлiктiлiк санаттары жоқ
педагог қызметкерлерден басқа);
      7) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң мiндетiн
атқарушының 2016 жылғы 27 қаңтардағы  №83 бұйрығымен бекiтiлген Бiлiм
және ғылым саласындағы азаматтық қызметшiлердi аттестаттаудан өткiзу
қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейiнгi, бастауыш, негiзгi
орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi
бiлiмнiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру
ұйымдарында жұмыс iстейтiн педагог қызметкерлер мен оларға
теңестiрiлген тұлғаларды аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шартына
сәйкес (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде
2013 жылғы 28 тамызда № 8678 болып тiркелген) кәсiптiк жетiстiктерi
туралы мәлiметтер (болған жағдайда).
      7) тармақшаға ескерту: кәсiптiк жетiстiктерi туралы
мәлiметтердi
      мемлекеттiк қызметтi алушы сараптамалық топқа жыл сайын 30
желтоқсанға дейiн қосымша ұсынады.
      Өтiнiштiң қабылданған күнi 20___ жылғы «____» _________________
Т.А.Ә._____________________________________________________________
                 (құжатты қабылдаған жауапты адам)           қолы
Телефон ______________
Қабылдадым: Т.А.Ә./ көрсетiлетiн қызметтi алушының қолы
20___ жылғы «___» __________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту,
бастауыш, негiзгi орта,     
жалпы орта, техникалық және кәсiптiк,
орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру  
бағдарламаларын iске асыратын бiлiм 
беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi
мен оларға теңестiрiлген тұлғалардың
бiлiктiлiк санаттарын беру (растау)
үшiн аттестаттаудан өткiзуге құжаттар
қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн 
қызмет стандартына        
2-қосымша             
Нысан
_____________________________________________________________________
(санаттарды растау/беру жөнiндегi аттестаттау комиссиясының атауы)
_____________________________________________________________________
      (педагогтың тегi, аты және әкесiнiң аты (болған жағдайда))
_____________________________________________________________________
                       (лауазымы, жұмыс орны)
ӨТIНIШ
      Менi 20____ жылы ________________________ лауазымы бойынша
бiлiктiлiк санатына _________________________________________________
аттестаттауды сұраймын.
      Қазiргi уақытта _____ санаттамын, ол ____ жылға дейiн жарамды
      Келесi жұмыс нәтижелерiн негiзге аламын _______________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
               Өзiм туралы келесi мәлiметтi хабарлаймын:
                              
Бiлiмi:


Оқу орнының атауы

Оқу кезеңi

Диплом бойынша мамандық

     

Жұмыс өтiлi:


Жалпы

Мамандық бойынша

Педагогикалық

Осы бiлiм беру ұйымында

       

  Наградалар, атағы, ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы алынған
(берiлген) жылын көрсете отырып _____________________________________
      Аттестаттаудан өткiзу қағидаларымен таныстым
20____ жылғы «____» _________________
_______________________
         (Қолы)

 

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online