Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

«Алматы қаласы Білім басқармасы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды. D-О-2 мемлекетті

«Алматы қаласы Білім  басқармасы» Коммуналдық мемлекеттік
мекемесі осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында                  «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

         D-О-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
          1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
          2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
          3) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
          4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;
Microsoft Office бағдарламасының стандартты дестесімен компьютерде жұмыс істей білу.
         D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары білім 
         Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
          Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
          1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4,       D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
          2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
           3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
          Microsoft Office бағдарламасының стандартты дестесімен компьютерде жұмыс істей білу.
1. Басқармасы басшысының орынбасары, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 163233 теңгеден 220698 теңгеге дейін, (Д-О-2 санаты), 1 бірлік.
         Үміткерге қойылатын талаптар: Білім немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы жоғары білім.
         Функционалды міндеттері: Білім басқармасы жұмысының қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективасындағы стратегиялық жоспарларды әзірлеуге қатысу; қала әкімдігіне және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне талдамдық шолу материалдарын дайындау. Мектептен тыс білім беру ұйымдарының жұмысын қадағалау және басқару; оқу орындарын оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз ету. Мектеп жасындағы балаларды міндетті оқытумен қамту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарына арналған Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Білім басқармасын мемлекеттік органдарда басқалай ұйымдарда орта білім беру ұйымдарының оқу және тәрбие мәселелері бойынша ұсыну. Мемлекеттік емес мектептердің қызметін үйлестіру. Қоғамдық ұйымдармен және саяси партиялармен жұмыстар. Білім беру нысандарының құрылыстық, сейсмикалық күшейту, күрделі жөндеу, материалдық-техникалық база жағдайының мәселелерін бағыттау. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік жағдайларын бақылау және басқару. Жазатайым жағдайлар мен жол-көлік жарақатының алдын алу.
Басқарма басшылығымен анықталатын басқалай уәкілеттіктерді жүзеге асыру.
         1. Наурызбай аудандық білім бөлімінің басшысы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 84 563 теңгеден 114 032 теңгеге дейін, (Д-О-3 санаты), 1 бірлік.
         Үміткерге қойылатын талаптар: Білім саласындағы жоғары білім.
         Функционалды міндеттері: Білім беру саласында мемлекет саясатын іске асыру, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік оқу бағдарламаларын іске асыру үшін жағдай жасау.
Аудан аумағында ҚР «Білім туралы» Заңын жүзеге асыруды ұйымдастыру, құқықтық және ақпараттық қамтамасыз ету, білім туралы заңнаманың орындалуы бойынша қадағалау функцияларды орындау.        
Ауданның білім беру ұйымдарындағы бюджеттік қаражаттардың игерілуін қадағалау, мемлекеттік оқу-тәрбие мекемелері мен ұйымдарының желісін дамыту және тиімді орналастыру бойынша шаралар қабылдау. Ауданда мемлекеттік қызмет көрсету сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Ауданда мемлекеттік қызмет көрсету сақталуын үйлестіру.
Басқарма басшылығымен анықталатын басқа уәкілеттіктерді жүзеге асыру.
         2. Техникалық қадағалау бөлімінің басшысы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 84 563 теңгеден 114 032 теңгеге дейін, (Д-О-3 санаты), 1 бірлік.
         Үміткерге қойылатын талаптар: Технология және техника ғылымы саласындағы жоғары білім.
         Функционалды міндеттері: Білім беру нысандарының күрделі, кешенді және таңдаулы жөндеу жұмыстарын техникалық қадағалау. Білім беру нысандарының техникалық жағдайын бақылау.. Білім беру нысандары құрылысының жоспарларын әзірлеу. Білім беру нысандарын жөндеудің бірінші парағын әзірлеу. Білім жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу және шаралар қабылдау; органдар мен ұйымдармен бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша өзара жұмыс жасау; басшыларға, жұмыскерлерге және ата-аналарға білім беру нысандарын жөндеу мәселелері бойынша кеңес беру.
Басқарма басшылығымен анықталатын басқа уәкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
 3) Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.
          Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.
       Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру Алматы қаласы Білім басқармасының  www.This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ресми сайтында, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің kyzmet.gov.kz интернет-ресурсында соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, Білім басқармасы, 3 қабат, 366 бөлме.  
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қаматамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған  ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.

Байланыс телефондары:
8 (727)2716627; 8 (727)2622751;
 Факс: 8 (727)2716509
Электронды почта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.">dep@edualmaty.kz

 

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online