Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Мектепке жол 2017

                                                                "Мектепке жол" акциясы туралы ақпарат

      Білім күніне арналған, өмірде қиын жағдайға душар болған балаларға қолдау көрсету және оқушылардың толық мектепке баруын қамтамасыз ету мақсатында 10 жыл қатарынан 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін "Мектепке жол" жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы өтеді.


      Акцияның мақсаты – тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларға қолдау және көмек көрсету, әлеуметтік себептермен мектепке бара алмайтын балалардың проблемасына қоғамның назарын аудару.

 
       Биылғы жылы Акция «Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!» ұранымен өтеді және Акция барысында билік өкілдері, бизнесмендер (демеушілер, меценаттар), сонымен қатар немқұрайлы қарамайтын қарапайым адамдар тұрмысы төмен және әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасыларының балаларын мектепке дайындауға көмек береді.Сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлесіп, оқудан жалтарған балаларды анықтау үшін адамдар көптеп жиналған жерлерінде рейдтік шаралар өткізіледі.

      Білім беру органдарында шұғыл желі телефондары, қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істейді. Онда көмек немесе кеңесті қажет ететін отбасылар мен балалар өтініш жасай алады (Алматы қаласы Білім басқармасының сенім телефоны – 272-11-00).
      2016 жылы өткен Акция шеңберінде 9768 мектеп оқушысына жалпы сомасы 98 млн. 740 мың теңгені құрайтын материалдық көмек көрсетілді Оның 48 млн. 871 мың теңгесі "жалпы оқыту қоры" есебінен және 49 млн. 869 мың теңге демеушілер мен меценаттардың берген бюджеттен тыс қаражаты. Бұл қаражаттар: балаларды тамақтандыру, мектепке қажетті керек-жарақтар, киімдер,  санаторлық-курорттық ұйымдарда және демалыс лагерьлеріне жолдамалар сатып алу, қаржылай көмек көрсетуге жұмсалды.6206 мұғалімнің қатысуымен 4042 үйлерді (пәтерлерді), аулаларды аралап тексеру жүргізілді. 

      Қазіргі уақытта Алматы қаласында әлеуметтік жағынан қорғалмаған (тұрмыс жағдайы төмен) отбасыларынан 10865 оқушы бар.
      «Мейірімді қолдар» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында сауда үйлерінде тұрмысы төмен отбасыларына ретінде заттарды, мектепке қажетті құралдарды қабылдайтын контейнерлер қойылатын болады.

     "Мектепке жол" акциясы туралы ақпарат Алматы қаласы Білім басқармасының http://dep.edualmaty.kz/ сайтында, сонымен қатар, барлық мектептегі "Ата-аналар үшін" ақпараттық стенділерінде орналасқан.

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online