Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

2 қазан. Бауыржан Байбек Алматы ұстаздарын Мұғалім күнімен құттықтады

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың педагог тар құрамын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Салтанатты шараға білім саласының ардагерлері, педагогтар, оқулықтар мен әдістемелік құралдардың авторлары қатысты. Мегаполис басшысы еліміздің ірі білім орталығы Алматы қаласы ұстаздарының кәсіби білімі мен біліктілігін ерекше атап өтті «Мен бүгінгі кездесуге және сіздерді жеке өз атымнан кәсіби мерекелеріңізбен құттықтауға мүмкіндік туғанына өте қуаныштымын. Мұғалімнің қызметі өте беделді, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтып өткендей, мемлекет пен ұлтты құрайтындар мына, сіздер, ұстаздар. Біздің ұлттық дәстүрімізде ұстазға деген құрмет қашан да жоғары. Тек нағыз мұғалім ғана ең күрделі ғылым- адам болуға үйретеді және тәрбиелейді», - деп атап өтті Бауыржан Байбек. Әкім қалада білім беру сапасын одан әрі арттыру үшін қажетті жағдайлардың бәрі одан әрі жалғасын табатындығын айтты. Мысалы, тек соңғы үш жылдың ішінде білім саласына қала бюджетінен бөлінген қаржы 20%-ға артып, в 54,5 млн.теңгені құрады. Алматыда 5 жыл ішінде 46 білім нысаны іске қосылды. Қала басшысы Алматыдағы білім жүйесінің Қазақстанда жетекші рөлге ие екендігін айтып, мүғалімдерге алғыс білдірді. Осы ретте әкім «Үздік педагог» атты республикалық конкурстың жеңімпаздары атанған әр мұғалімге бір миллион тоғызжүз мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтарды тапсырды. Мұндай құрметті атқа Алматының төрт мұғалімі ие болды, олар: №140 мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сафура Темурбаева, №62 мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлмира Рыскелдиева, №165 арнайы лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Марина Асылбекова және Политехникалық колледждің арнайы пәндер оқытушысы Маржан Маликова. «Мемлекет басшысы мұғалімдерге ерекше көңіл бөледі. Өздеріңіз білесіздер, қазіргі дағдарыс кезінде әлемнің көптеген елдерінде жұмыс орындары қысқарып, кіріс төмендеуде. Бірақ, Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша жаңа жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 44% -ға өседі», - деп атап өтті Б.Байбек. Шара барысында қала әкімі мен Алматының жетекші ұстаздары арасында білім берудің жаңа түрлері мен инновациялық әдістеме, онлайн режимде білім беру жөнінде конструктивті диалог өтті. Ақпараттық анықтама: Қазіргі кезде Алматының білім жүйесінде 27 000-нан астам педагог жұмыс істейді, олардың 1900 «Ыбырай Алтынсарин» және «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған, 13 мұғалім «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері». Жыл сайын қала педагогтары Республикалық және Халықаралық конкурстарда жеңімпаз атануда. Қаланың білім беру мекемелері оқушыларынан құралған команда 10 жыл қатарынан Республикалық пәндік Олимпиадада, 13 рет қатарынан Республикалық ғылыми жарыстарда жүлдегер болды. ҰБТ қорытындысы бойынша Алматы мектептерінің түлектері төртінші жыл қатарынан орташа балл жинауда бірінші орында келеді. «Алтын белгi» ( 2015 жылы 225 оқушы) алушылар қатары өсуде, өткен оқу жылында біздің оқушылар Халықаралық және Республикалық Олимпиадаларда 325 жүлделі орынды иеленді. 2015 жылы мектеп түлектерінің 90% шетелдегі және Қазақстандағы ЖОО-на түсті. 

Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online