Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

1 қыркүйек. Алматыда «Алғашқы қоңырау»

 

1 қыркүйек. Алматыда «алғашқы қоңырау» бірінші сыныптың 26 мың оқушысына арналды

Бүгін Алматы мектептерінде Білім күні мерекеленді. Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек Бостандық ауданының аумағында орналасқан М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназияда болды.

Қала әкімі биыл Алматы мектептерінде 210 мыңнан астам оқушының дәріс алатындығын, соның ішінде 26 мыңнан астам бүлдіршіннің бірінші сынып табалдырығын аттағанын атап өтті. Жалпы қалада 244 мектеп бар, оның 202-і мемлекеттік.

«Елбасының кемеңгер әрі көреген саясаты арқасында жаңа мектептер салынуда, құрал-жабдықтар жаңартылуда, жас ұрпақтың сапалы білім алуына барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Білім деңгейін бұдан да жоғары көтеру үшін біз мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуын одан әрі жақсартатын боламыз», - деді Бауыржан Байбек.

Алматыда соңғы 5 жыл ішінде 12 мектеп салынды. Оның үстіне, білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесінде қаланың 1500 мұғалімі жергілікті бюджет есебінен 150 мыңнан 300 мың теңге көлемінде сыйақы алды. Биыл білім саласына, құрылысты есептемегенде 54,5 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға көп. Оның 2 млрд. теңгесі ғана оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды алуға жұмсалды. Балалардың оқулықтармен қамтамасыз етілуі 100%.

Шара соңында мегаполис басшысы оқушылар мен оқытушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, табыс тіледі.

Ақпараттық хабарлама: М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназия орта білім берудің үздік ұйымдастырушысы ретінде 17 091 000 теңгелік грантты жеңіп алды. Байқау үкімет бекіткен қаулыға сай жүрді. Грант қаржысы гимназияның материалдық-техникалық жағдайын нығайтуға жұмсалады. Қазақ тілінде дәріс беретін бұл білім ошағы білім саласының алдыңғы шебінде келеді. Мысалы, өткен жылы 46 түлектің 6-ы «Алтын белгі» иегері атанды, оқушылардың 85%-ы жоғары оқу орындарында тегін оқу гранттарын жеңіп алды.

Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online