Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

«Алматы қаласының үздік орта білім беретін ұйымы» грантын тағайындау байқауы туралы ақпарат

 Білім басқармасының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 100 бұйрығына сәйкес Алматы қаласында 18 мамырда «Алматы қаласының үздік орта білім беретін ұйымы» грантын тағайындау бойынша байқау ұйымдастырылып, өткізілді. Байқау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 қаулысында бекітілген Ережелерге сай, тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені жалпылау және тарату, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтардың кәсіби және жеке өсуін ынталандыру  мақсатында ұйымдастырылды.

         Байқаудың аудандық кезеңі 2015 жылдың 15-30 сәуірі аралығында өтті.

         2015 жылдың 4 мамырында өткізілген қалалық кезеңге аудандардан алты білім беру ұйымы іріктеліп алынды:

1.     Алатау ауданындағы №152 мектеп-гимназия;

2.     Алмалы ауданындағы №62 гимназия;

3.     Әуезов ауданындағы №86 мектеп-гимназия;

4.     Бостандық ауданындағы №140 мектеп-гимназия;

5.     Медеу ауданындағы №12 гимназия;

6.     Түрксіб ауданындағы №84 жалпы білім беретін мектеп.

         Байқауда үздік педагогтар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ғылыми қызметкерлер, білім және ғылым саласындағы бақылау департаменті өкілдері, қалалық педагогикалық қызметкерлер одағы, психологтардан құралған комиссия төрелік етті. Қазылар алқасының төрайымы – Алматы қаласы Әкімінің орынбасары З. Ж. Аманжолова.

         Қалалық байқаудың қорытындысы бойынша комиссия Бостандық ауданындағы М.Мақатаев атындағы №140  мектеп-гимназияны үздік деп таныды.

         Қалалық байқаудың қорытындысы бойынша «Алматы қаласының үздік орта білім беретін ұйымы» грантын тағайындау конкурсындағы үздік мектепке қала Әкімінің 17 млн. 091 мың теңге көлеміндегі грантына ие болады.

         Байқаудың лауреаттары : Алатау ауданындағы №152 мектеп-гимназия, Алмалы ауданындағы №62 гимназия, Әуезов ауданындағы №86 мектеп-гимназия, Медеу ауданындағы №12 гимназия, Түрксіб ауданындағы №84 жалпы білім беретін мектеп Алматы қаласы Әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online