Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ «Жас түлек -2015» мектеп бітірушілердің фестивалі

 

Өтетін орны: Алматы қаласы,

Халықаралық шаңғы трамплиндер кешені

Өтетін күні мен уақыты: 2015 жылғы 20 маусым

Басталуы: сағат 19:00 де

 

2015 жылғы 20 маусым күні сағат 09.00 – Республика алаңында, қалыптасқан дәстүр бойынша, қаланың барлық аудандарынан келген мектеп бітірушілердің делегациялары Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды. Бұл салтанатқа қала мектептерінің үздік бітірушілері мен білім беру жүйесінің қызметкерлері қатысты. Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойғандар арасында «Үркер» төсбелгісінің иегерлері, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық, халықаралық олимпиадалардың, оқушылардың ғылыми жоба жарыстарының, түрлі конкурстардың жеңімпаздары мен қатысушылары бар.

Халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде кешкі сағат 19.00-де мектеп бітірушілердің «Жас түлек» фестивалі басталды.

2015 жылы мектепті 7902 түлек бітірді, оның 225 мектеп бітіруші түлектері үздік білімін дәлелдеп, жалпы орта білім туралы аттестат пен «Алтын белгі» төсбелгісін алды, ал 142 мектеп бітіруші жалпы орта білім туралы үздік аттестатқа ие болды.

Алматы қаласының Әкімі А.Есімов, жоғарғы оқу орындарының ректорлары, қалалық құрылымдардың басшылары «Жас түлек» фестивалінің құрметті қонақтары болды.

Қала Әкімі А.Есімов, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А. Саринжипов салтанатты түрде түлектерге «Алтын белгі» төсбелгісін тапсырды.

Қала Әкімі 34 мектеп бітірушісіне Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарына оқуға білім гранттарын берді.

Мектеп бітіруші түлектерді қазақ эстрадасының жұлдыздары, теле және радиоарналар құттықтады.

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online