Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Құтқаруға машықтандыратын мектеп!

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының күндізгі оқу бөліміне оқуға түсуге үміткерлерді қабыдау жұмыстарын жүргізуде. Нағыз ер азаматтық өрт сөндіруші-құқарушы мамандығы соңғы кездері жастар арасында танымал болуда. ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты – бұл мықты мамандарды даярлайтын, жоғарғы кәсіби білім беретін, бізге жақын оқу орны.

Институтқа орта білімі, орта кәсіптік білімі бар, әскери оқу мен қызметке денсаулығы жарамды, түсу емтихандарын жақсы тапсырған ҚР азаматтары білім ала алады. Институтқа мектеп түлектері ҰБТ-ның қорытындысы бойынша қабылданады. Абитуриенттерді есепке алу бірнеше деңгейде өтеді.

Ең бірінші – қабылдау комиссиясы медициналық, физикалық және психологиялық көрсеткіштерге, екіншіден – жинаған баллдық сертификаттың сәйкестілігімен іріктеледі, үшіншіден – мандаттық комиссия есепке алады. Жеке және оқу іс-қағаздарын ҚР ІІМ ТЖК бөлімшелері мен кадрлық органдарда толтырылады. Күндізгі оқу бөліміне 25 жасқа толмағандар мен 17 жастан асқандар жыл басынан қабылданады.

Абитуриенттер институт ішінде арнайы ұйымдастырылған әскери-дәрігерлік комиссиясынан міндетті түрде қосымша медициналық және психофизиологиялық тексерістен өтеді, сонымен қатар белгілі нормативтерге сәйкес физикалық дайындықтан дифференциялық сынақ тапсырады.

Оқуға түсу үшін комплексті тест шілде айында тапсырылады. Комплексті тест қазақ намесе орыс тілдерінде келесі сабақтар бойынша жүргізіледі: қазақ немесе орыс тілінен, Қазақстан тарихынан, математика және профилді пән – физикадан тапсырылады.

Күндізгі оқу бөліміне түсушілер емтиханнан бөлек, белгілі нормативтерге сәйкес – 100 м. қашықтыққа жүгіру, турникке тартылу, 3000 м. кросстан физикалық дайындық бойынша сынақ тапсырады.

Институтқа оқуға түсу үшін тамыз айынан бастап байқау жүйесінде тіркеледі. Күндізгі оқу бөліміне түсушілер казармаға орналасады.

ҚР ІІМ ТЖД Көкшетау техникалық институтына тапсырам деушілер мана мекен-жайға хабарласуға болады: Алматы қ. Байзақов көш. 300, ҚР ІІМ ТЖД Алматы қаласы ТЖД кадрлық жұмыстар бөліміне немесе 293-53-74, 274-25-13 телефондарына қоңырау шалуға болады.

Алматы қаласы ТЖД

Баспа сөз қызметі

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online