Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Балалармен ашық диалог

Балалармен ашық диалог

 

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында бейне конференц байланыс тәртібінде Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасы ПарламентіСенатының депутаты С.М. Айтпаеваның төралығымен «Балалар-Омбудсманға» атты бейнеконференция өткізілді.

Бейне конференция барысында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі атқарылып жатқан жұмыс туралы Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары жөніндегі уәкілС.М. Айтпаева, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ (ЮНИСЕФ)Балалар Қорының өкілі Ю.В. Оксамитный, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Е.Е. Ерсаинов және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері баяндады.

Алматы қаласы атынан іс-шараға Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасарыГ.М. Айтқұлова, «Тұран» Университетінің гуманитарлық-заң факультетінің 2 курс студенті, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтар мен сыныптардың жұмыстарын үйлестіру бойынша Алматы қаласының «Жас сарбаз» аумақтық штабының төрағасыСерік Абылай және қала оқушылары - республикалық халықаралық деңгейдегі әртүрлі интеллектуалды олимпиадалар мен турнирлердің, шығармашылық байқаулардың, спорттық сайыстардың жеңімпаздары және жүлдегерлері, олардың ішінде №123 жалпы білім беретін мектептің 5 сынып оқушысы Райс Рамазан, №181 жалпы білім беретін мектептің 6 сынып оқушысы Қаскен Аяулым, №83 гимназияның 9 сынып оқушысы Касаткина Анастасия, №92 мамандандырылған лицейдің 10 сынып оқушысы Уақыт Айғаным, Ы. Алтынсаринатындағы№159 гимназияның 10 сынып оқушысы Айтимов Темірлан қатысты.

Аймақтарды қосу барысында іс-шараға қатысқан Алматы қаласының оқушылары атынан №92 мамандандырылған лицейдің 10 сынып оқушысы және вице-президенті, оқу озаты Уақыт Айғаным сөз сөйледі. Оқушы мектеп командасының құрамында «Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қорының» және Біріккен Ұлттар Ұйымының бірлескен ұйымдастырылуымен өткен «Климатическая шкатулка» атты мектеп оқушылары арасында Ұлттық және Халықаралық байқаулардың жеңімпазы болып атанды.

Бейне конференцияның қорытындысы бойынша іс-шара барысында мүдделі ұйымдардың өкілдерінен және әртүрлі аймақтардағы балалардан келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстарды қарау және кәмелетке толмағандың заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыру туралы шешім қабылданды.

1234

Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

777 2

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online