Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Балалар қауіпсіздігіне - басты назар!

Балалар қауіпсіздігіне - басты назар!

 

Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрбір білім беру ұйымының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады және алдын алу, ақпараттық-түсіндіру мен тәрбие беру сипатындағы іс-шаралар кешенін қамтиды.

2018-2019 оқу жылы бойы Алматы қаласының прокуратурасы, Алматы қаласының Білім басқармасы және «Angel24kz» ЖШС арасында бірлескен жұмыс туралы Меморандумды іске асыру аясында қала мектептерінде кіші мектеп жасындағы оқушылар үшін қауіпсіз жүріс-тұрыстың дағдыларына үйрету бойынша практикалық интерактивті тренингтер ұйымдастырылды.

Тренингтер кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың және қатыгездіктің алдын алу, сонымен қатар балаларды көшеде, көлікте, қоғамдық орындарда, үйде қауіпсіз жүріс-тұру дағдыларына үйрету мақсатында өткізілді.

«Angel24kz» ЖШС-нің «Angel24kz» балалар қауіпсідігі орталығының жаттықтырушылары 3-4 сынып оқушыларын қолжетімді ойын нысанында өз қауіпсіздіктерін сақтау үшін бейтаныс жерде өзін-өзі ұстау, бейтаныс ересек адамдардың сұрақтарына және әрекеттеріне дұрыс ден қою, өз ата-аналарын достармен кездесулер мен ойындардың өтетін орны және уақыты туралы хабардар ету секілді маңызды дағдыларға үйретті. Сонымен бірге, тренингтерде әртүрлі жағдайлар ойнатылып, қауіпсіз жүріс-тұрысы көрсетіліп, тренигтердің практикалық маңыздылығы арттырылды. Тренигтерге барлығы 1230 кіші сынып оқушылары қатысты. 

Сонымен қатар, балалардың қауіпсіз жүріс-тұрыстарын қамтамасыз ету және ата-аналар тарапынан өз балаларына бақылауды күшейту қажеттілігі жөніндегі мәселелер жоғарыда аталған Меморандум шеңберінде 2019 жылғы қаңтар және наурыз айларында өткізілген жалпықалалық ата-аналар жиналыстары барысында қаралып, 85 мыңнан астам ата-ана қамтылды. Аталған бағыттағы жұмысты келесі оқу жылында жалғастыру жоспарлануда.

12 13456

Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

777 2

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online