Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Қасыл Қатықбаева атындағы білім гранты

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен және Алматы қаласы Мәслихатының депутаты, «Koktem Group LTD» компаниясының директоры, Мұрат Әділханұлының демеушілігімен қоғамымызда педагогтің мәртебесін көтеруге бағытталған Алматы қаласы мектептерінің мұғалім мамандығын таңдаған 11-сынып оқушылары арасындағы «Қасыл Қатықбаева атындағы білім гранты» үшін қалалық байқау биыл екінші рет өткізілді.

Байқаудың шешуші қалалық сатысында 33 оқушы «Педагог – мәртебелі мамандық» тақырыбына эссе жазды.

Байқаудың екінші кезеңіне 25 оқушы шығып, «Қазақстанның дамуына қосатын менің үлесім» бағытында өз эссесінде көтерген проблемаларын шешу жолдарына арналған жобалық жұмыстарын қорғады.

Байқаудың қорытындысы бойынша орын алмаса да, оның әр кезеңінде өз іскерліктерін көрсеткені үшін 21 оқушы қала әкімінің грамотасымен марапатталды.

- 3-дәрежелі дипломмен және 200 мың теңге қаржылай сыйлықпен Нұрсана Айым, № 19 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы;

- 2-дәрежелі дипломмен және 300 мың теңге қаржылай сыйлықпен Бақытжанқызы Жанерке, Шона Смаханұлы атындағы № 62 гимназияның 11-сынып оқушысы;

- 1-дәрежелі дипломмен және 500 мың теңге ақшалай сыйлықпен Хамал Нұрай - № 164 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы;

- Бас жүлде жеңімпазы Дипломмен және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне грантымен Баянова Тоғжан – Қасыл Қатықбаева атындағы № 168 мектеп-гимназияның түлегі марапатталды.

Түлектерді құттықтап, жүлделі орындарды Алматы қаласының әкімі Б. Байбек, Қазақстанның Еңбек Ері, ардагер ұстаз А.Миразова, қоғам қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты, білім саласының ардагері Ш. Беркімбаева және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің проректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор А. Сатмұрзаев тапсырды.

Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

777 2

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online