Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Almaty TechCup 2019

Алматы қаласының Білім басқармасы 2019 жылдың 26-27 сәуірінде «HalykArena» спорт кешенінде Алматы қаласы Әкімінің «Almaty TechCup 2019» кубогы үшін робот техникасы және инновациялық технологиялар бойынша VI ашық чемпионатын өткізді.

«Almaty TechCup» - ғылыми-техникалық шығармашылық бойынша Қазақстан Республикасындағы ең ірі чемпионаттардың бірі болып табылады. Чемпионат жыл сайын өз алаңында 7 жастан 21 жасқа дейінгі өздерінің бірегей инженерлік жобаларын ұсынып, сонымен қатар робот техникасы, жаңа технологиялар және бағдарламалау саласы бойынша білімдерін көрсететін талантты жастарды жинайды.

Биыл Чемпионатқа Республикамыздың 16 облысынан және Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан рекордты мөлшерде 568 команда қатысты. Қатысушылар санының мұншалықты көбейуіне (өткен жылмен салыстырғанда 44% астам) жарыс санаттарын ұлғайту арқылы қол жеткізіп отырмыз. Almaty TechCup алаңында тұңғыш рет 3D модельдеу, VEX және IT-бизнес жобалары бойынша жарыстар өткізілді. Сонымен қатар «Роботтар сайысы» санатының ауқымы да әдеттегіден ұлғайып, оның қатарына ұйымдастырушылар Шағын сумо, Робокросс, Кең жол және Тар жол номинацияларын қосты.

Almaty TechCup-қа екі жыл қатарынан Алматы қаласындағы №1 «Есту қабілеті нашар балаларға арналған арнайы түзету мектеп-интернаты» КММ командасы қатысуда. Аталмыш команда осы жылдың наурыз айында Мәскеу қаласында өткен 9-шы Робот техникасы фестивалі аясында ТМД елдері арасындағы алғашқы кезеңде GigoGreenMech жарысынан бірінші орын алғандығын атап өтуге болады.

 Алматы қаласы Білім басқармасының «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ директоры А.А. Дупик: «Біз Қазақстанда бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыруды қолдаймыз. Сондықтан екі жыл қатарынан чемпионат жұмысына ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тартуға тырысудамыз. 2020 жылы мұндай командалардың көп болатындығына сенеміз», - деп атап айтты.

Чемпионат аясында робот құрастырушы командалар жарысы, инженерлік және бағдарламалық жобалар бойынша практикалық олимпиадалар, шеберлік сабақтары, таныстырылымдар өткізілді.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша Алматы қаласының мемлекеттік білім беру ұйымдарының 47 командасы (барлығы 278 команда қатысты) жүлделі орындарға ие болды (бірінші орын – 11, екінші орын – 17 және үшінші орын – 19). Биыл жарысқа Қазақстан Республикасының 16 аймағынан 150 команда келді. Жүлделі орындарға ие болған командалар: Қарағанды қаласы және Қарағанды облысы (9 орын), Шығыс Қазақстан облысы (3 орын), Қызылорда облысы (3 орын), Шымкент қаласы (3 орын), Қостанай, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының командалары (2 орын). Семей, Жамбыл, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Қаскелең қалаларының командалары бір орыннан алды.

 Чемпионат жеңімпазына берілген ең басты сыйлық - Алматы қаласы әкімінің кубогы болды. Оны Алматы қаласындағы М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің командасы жеңіп алды. Аталмыш білім беру ұйымының командалары барлық номинациялар бойынша ең көп мөлшерде жүлделі орындарға ие болған жалғыз мекеме.

 Чемпионаттың қорытындысы бойынша толық ақпарат (хаттама, әділқазылар алқасының тізімі, фотоматериалдар және т.б.) http://techcup.kz сайтында жүктелді.

 Ұйымдастырушы:

 Алматы қаласы Білім басқармасы

 Тең ұйымдастырушылар:

 «Тұран» университеті,«I-MAP» ЖШС, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Satbayev University, «Method» ЖШС, robo-tech.kz, «MTM Solutions» ЖШС.

 Демеушілер: «Казинтерсервис» ЖШС, Кәсіби бағдарламаушылар лигасы, «Акцент Микросистемс» ЖШС, «Күнделік» ЖШС.

12345WhatsApp Image 2019-04-30 at 13.48.01 1WhatsApp Image 2019-04-30 at 13.48.01

Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

777 2

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online