Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Алматы қалалық Педагогикалық оқулар

2019 жылдың 28-наурызы күні Алматы қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың 7 қыры» Бағдарламалық мақалаларының тұжырымдарын жүзеге асыру мақсатында «ХХI ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзғарасы» тақырыбында қалалық Педагогикалық оқуларын өткізді. Бұл оқулар араға 17 жыл салып қайта жаңғырып отыр.

Педагогикалық оқуларға 8 бағыт бойынша 2 мыңға жуық педагог қатысып, 126 педагог инновациялық жобалары мен авторлық бағдарламаларының жетістіктерін ортаға салды.                     

Педагогикалық оқулардыңжұмысына Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 20-ға жуық педагог-ғалымдары сараптамалық қызмет көрсетті.  

2019 жылғы 11-сәуір күні Алматының Оқушылар сарайында қалалық Педагогикалық оқуларының жабылу салтанаты өтті.

Салтанатты жиында Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Г.М.Ходжабергенова жеңімпаз ұстаздарды құттықтап, педагогтерге инновациялық тәжірибелерімен бөлісудегі белсенділігі үшін алғысын білдіріп. игілікті істеріне шығармашылық табыс тіледі.

Педагогикалық оқулардың қорытындысы бойынша 61 педагогке I, II, III дәрежелі дипломдар мен білім беру процесін ақпараттандыру заманында қызметіне аса қажет ноутбуктер, планшеттер, ұялы телефондар тапсырылды.



Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

777 2

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online