Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Жалпықалалық ата-аналар жиналысы өткізілді

Жалпықалалық ата-аналар жиналысы өткізілді

Алматы қаласының прокуратурасы, Алматы қаласының Білім басқармасы және «Angel24kz» ЖШС арасындағы бірлескен жұмыс туралы Меморандумды іске асыру аясында 2019 жылғы 19 наурызда Алматы қаласы Білім басқармасының ресурстық орталығы базасында онлайн тәртібінде 6-7 сынып оқушыларының ата-аналары үшін жалпықалалық ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналыс ата-аналар қауымдастығы арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын арттыру, оларға құқықтық және консультативті көмек көрсету, сонымен бірге мектеп және отбасы ынтымақтастығын нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға мүдделі органдардың өкілдері, атап айтқанда Алматы қаласы полиция Департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Л.А. Әліпбаева, «Angel24KZ» ЖШС «Ангел» балалар қауіпсіздігі орталығының жетекшісі З.Х. Джумагулова және орталықтың жаттықтырушысы С. Мурзалинова-Яковлева, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Орталығының алдын алу бөлімінің меңшерушісі А.М. Жандыбаева, Алматы қаласы Білім басқармасының рухани-адамгершілік тәрбие және өзін-өзі тану бөлімінің басшысы Н.Т. Тау, білім беру ұйымдарының директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және 28 мыңнан астам ата-аналар қатысты.

Жиналыс барысында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың, суицидтің және ерте жүктіліктің, мектептерде зорлық-зомбылықтың және буллингтің алдын алу мәселелері, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың денсаулықтарын нығайту шаралары және вич-инфекцияның алдын алу сұрақтары талқыланды. Сонымен қатар, балалардың қауіпсіз жүріс-тұрыстарының талаптары түсіндіріліп, ата-аналар тарапынан өз балаларына бақылауды күшейту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Жиналыс қорытындасында туындаған сұрақтармен ата-аналар жолыға алатын қолданыстағы «сенім телефондарының» нөмірлері және қызметтер аталды.

2019 жылғы мамыр айында қала мектептерінің жоғары сынып оқушыларының ата-аналары үшін жалпықалалық ата-аналар жиналысы өткізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

777 2

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online