Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Алматы қаласының оқушылары АҚШ-та өтетін роботты техника бойынша Әлем чемпионатында Қазақстанды таныстыруға мүмкіндік алды

Алматы қаласының оқушылары АҚШ-та өтетін роботты техникабойынша Әлем чемпионатында

Қазақстанды таныстыруға мүмкіндік алды

 

«VEX Robotiсs» – мектеп оқушылары мен студенттер арасында робототехника бойынша әлемдік деңгейдегі ең ірі жарыс. Жыл сайын ол 10 мыңға дейін қатысушы жинап, сәуір айында Кентукки штаты Луисвиллде өтеді.

2019 жылдың 22-23 ақпанында Алматы қаласында алғаш рет Қазақстан және басқа елдердің мектеп оқушылары арасында «VEX Robotics» халықаралық Әлем чемпионатының I республикалық іріктеу кезеңі өтті.

Ауқымды шараның ұйымдастырушылары: Алматы қаласы Білім басқармасы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы болды.

Чемпионат Алматы қаласының Оқушылар сарайында өтті. Чемпионатқа Қазақстан бойынша 36 команда қатысты. Сонымен қатар қонақтар қатарында Азиядағы VEX Robotics өкілі - Allen Liu Гонконг қаласынан келді және Ресейден келген қатысушылар да болды.

Чемпионаттың мақсаты – оқушылар арасында робототехника саласын дамытуға себепші болу, инновация мен жаңа технологиялар, робототехника әлеміне деген қызығушылығын арттырып, республика бойынша басқа оқушылармен пікір алмасып, араласуға мүмкіндік беру.

Жарыс екі санат бойынша өтеді:

- VEX IQ “VEX IQ Challenge Next Level – 2018-2019 VEX IQ Challenge Game”

- VEX EDR “VEX Robotics Competition Turning Point: 2018-2019 VRC Game”.

         IQ-Elementary School Skills Champions санатында №173 МЛ-дің 6 сынып оқушысы Сенбек Мирас және №92 МЛ-дің 5 сынып оқушысы Сабыржан Арман АҚШ-қа жолдама алды. IQ-Middle School Skills Champions санаты бойынша Алматыдағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушылары Айдарбек Нурахмет пен Амзебек Ибрахимжеңімпаз атанды. Жеңімпаз командалар ағымдағы жылдың сәуір айында АҚШ-тағы әлем чемпионатына аттанады, оған 50-ден астам мемлекет қатысады.


Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

777 2

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online