Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

«Мектептің оқу процесін цифрландыру шеңберінде оқушылар мен педагогтардың IT құзыреттіліктерін арттыру аспектілері»

Алматы қаласы, Алатау ауданы, №179 жалпы білім беретін мектепте 05.02.2019 жылы «Мектептің оқу процесін цифрландыру шеңберінде оқушылар мен педагогтардың IT құзыреттіліктерін арттыру аспектілері» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Жаңартылған білім беру аясындағы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жалпы білім беретін мектепте жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісу мақсатында 10 мұғалім ашық сабақтарын көрсетті. Семинарда ұстаздар сабақтарында «Bilim land» сайтынан оқу ресурстарын тиімді падаланды.Ұстаздар өз іс-тәжірибелерінде оқушылардың интеллектуалдық қабілетіне түрткі болатын ойын технологиясын қолдана отырып сабақты үш тілде жүргізудің тиімділігін пилоттық сыныптарға сабақ беретін Н.Баатарбек пен А.Чатеева көрсете алды Сондай-ақ, ақпараттық технологияны: электрондық оқулықтар, презентациялар, «Bilim land» сайтындағы тапсырмаларды тарих пән мұғалімі Г.Кудербаева, биология пән мұғалімі Н.Кашкынова , қазақ тілі пән мұғалімдері Г.Арыстанова, А.Шопиева,Г.Таттимбетова тиімді қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын оятып, уақыттарын үнемдеуге, қосымша деректерді тиімді қолдануға түрткі болды.Бастауыш сынып мұғалімдері Г.Нұрбекова, А.Иманқұлова сабақтарында шығармашылық жұмыстарға жетелейтін тапсырмаларды да оқушылар қызыға орындап, еркін топтық жұмыстарын жасауға дағдыланды. Оқушылар география пән мүғалім Р.Адрахманованың сабағында АКТ қолдану дағдыларын дамытты. Ақпаратты іздеу және өңдеу барысында видео сұрақ қойылды, оқушылар топта идеялармен алмасты, өз жұмыстарын бағалай және жетілдіре алды.Өзара іс –тәжірибесімен алмасу мақсатында аудан директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен «Іс –әрекеттегі зерттеу» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдер Г.Кунхожаева, Н.Отынбекова, «Қалыптастырушы бағалау арқылы оқуды жақсарту» тақырыбында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Раева, қазақ тілі пән мұғалімі Б.Мустафина коучингтер өткізді. Директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Шералиева «Kundelik.kz» бойынша электронды журналды талапқа сай жүргізу барысына тоқталып, аудан мектептеріне әдістемелік көмек берді.

Семинарға Алатау ауданының Білім бөлімінің басшысы Қасымбекова Айгуль Жумабековна және аудан мектептерінің директорлары, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.. Семинарға қатысушылардың көңіл – күйлері көтеріліп, өздерінің жақсы пікірлерімен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.

 

Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

777 2

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online