Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектеп ынтымақтастығы

 

Бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектеп ынтымақтастығы

Алматы қаласының прокуратурасы, Алматы қаласының Білім басқармасы және «Angel24kz» ЖШС арасындағыбірлескен жұмыс туралы Меморандумды іске асыру аясында 2019 жылғы 29 қаңтарда Алматы қаласы Білім басқармасының ресурстық орталығы базасында онлайн тәртібінде 1-5 сынып оқушыларының ата-аналары үшін жалпықалалық ата-аналар жиналысы өткізілді. 

Жиналыс ата-аналар қауымдастығы арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын арттыру, оларға құқықтық және консультативті көмек көрсету, сонымен бірге мектеп және отбасы ынтымақтастығын нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға мүдделі органдардың өкілдері, атап айтқанда Алматы қаласы полиция Департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Л.А. Әліпбаева, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бас маманы Г.С. Айтбаева,«Angel24KZ» ЖШС «Ангел» балалар қауіпсіздігі орталығының жетекшісі З.Х. Джумагулова және орталықтың жаттықтырушысы А. Г. Шаназарова, Алматы қаласы Білім басқармасының рухани-адамгершілік тәрбие және өзін-өзі тану бөлімінің басшысы Н.Т. Тау, білім беру ұйымдарының директорлары,  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және 56 мыңнан астам ата-аналар қатысты.

Жиналыс барысында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың, оның ішінде кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстардың, оқушылар арасында суицидтің және ерте жүктіліктің алдын алу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, балалардың қауіпсіз жүріс-тұрыстарының талаптары түсіндіріліп, ата-аналар тарапынан өз балаларына бақылауды күшейту қажеттілігіне ерекше назар аударылды. 

Жиналыс қорытындасында туындаған сұрақтармен ата-аналар жолыға алатын қолданыстағы «сенім телефондарының» нөмірлері және қызметтер аталды.

2019 жылы бойы қала мектептерінің орта және жоғары сынып оқушыларының ата-аналары үшін жалпықалалық ата-аналар жиналыстары өткізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

777 2

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online