Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

«Қамқорлық» акциясы өткізілді

Мемлекет басшысының балалардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын және мектеп жасындағы балаларды міндетті оқумен қамту жайлы басқалай нормативтік-құқықтық актілерді, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы №6-15-3/59-И хатын орындау мақсатында 2019 жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында дәстүрлі республикалық «Қамқорлық» акциясы өткізілді.

№ 80 ЖББ мектепте 10 қаңтардан бастап мектепте республикалық «Қамқорлық» акциясы өтуде. Мектептегі 6 әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы балаларға 80000 теңгеге көмек көрсетілді. Көмек мектеп жейдесі, концелярлық құрал-жабдық, спорттық киім, аяқ киім түрінде берілді.

№101 мектеп-гимназияның 9 «А» сынып оқушысы Низамов Адилжанның ата-анасы аз қамтылған отбасының екі баласына көмек көрсетті. Атап айтқанда, бұл отбасына қажетті азық-түлік   және 2 баласына жылы киімдер тарту етті.

№101 мектебінің 4 «В» сынып ата-аналары   аз қамтылған отбасының балаларына спорттық киімдер сыйлап, оларды қуанышқа бөледі

№ 102 ЖББМ бойынша«Қайырымдылық» дәстүрлі республикалық акциясы бойынша мектепте ақпараттық стенд әзірленіп,оған акция барысында атқарылатын жұмыс жоспары мен ата-аналарға арналған ақпарттық хабарламалар ілінді. 10-18.01.2019 жыл аралығында акция жұмысына белсене араласқан 5 «А», 4 «А» сынып ата-аналары демеушілік танытып, сыныптағы жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларға демеушілік танытып, көмек көрсетті.Атап айтқанда, 5 «А» сыныбының ата-аналары 40 мың теңгеге қыстық жылы куртка мен қыстық аяқ киім,туфли, ал 4 «А» сынып ата-анасы 3500 мың теңгеге жеке бас тазалығын сақтауға арналған құралдар,7 мың теңгеге спорттық киім мен жеңіл аяқ киім, мектептің жас маманы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қали А.С кеңселік тауарлар сатып алып берді.Мектеп ұжымы акция жұмысына белесене араласып, демеушілік танытқан ата-аналарға ерекше алғысын білдірді.

№ 109 ЖББМ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Алматы қаласы Білім басқармасының « Қамқорлық» акциясының өткізу туралы хатының негізінде мектепішілік « Қамқорлық» қайырымдылық акциясын өткізу туралы бұйрық шығарылды, жоспар жасалынып, соған сай жұмыстар жүргізілді. Акцияға байланысты стенд жасалды. Мектеп   ұжымы «Қамқорлық» акциясына ат салысты. 6 «Б» сынып оқушысы Құрманбаев Еркебұланға қалың күртеше, жемпір, джинсы шалбар сыйға тарттық.

№ 110 мектеп-гимназияда «Қамқорлық» акциясын өткізу туралы бұйрық шығарылып, жоспар құрылды. Мектеп ұстаздары мен ата-аналар тарапынан бюджеттен тыс әлеуметтік көмекке мұқтаж 5 балаға көмек көрсетілді: қыстық куртка, қыстық аяқ киімдер, спорт киімдері, қажетті құрал-жабдықтар. Кәмелетке толмаған оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың бей-берекет жүрмеулері үшін мақсатты жұмыстар жүзеге асырылуда.Түнгі уақытта үйінен тыс жүрген балаларды анықтау мақсатында интернет клубтар мен жертөлелерге рейдтер жүргізілуде.

№ 137 ЖББМҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Алматы қаласы Білім басқармасының "Қамқорлық" акциясын өткізу туралы хатының негізінде мектепішілік "Қамқорлық" қайырымдылық акциясын өткізу туралы бұйрық шығарылды, жоспар бекітілді. Жоспарға сай жұмыстар жүргізілді. Акцияның мақсаты: тұрмыс жағдайы төмен, көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан, жетім, ата-ана қарауынсыз қалған балаларға қолдау көрсету, әлеуметтік жағдайының жақсаруына үлес қосып, қол ұшын созу. “Қамқорлық” акциясына байланысты стендтер жасалынды. М.Жұмабаев атындағы №137 жалпы білім беретін мектептің ұстаздар ұжымы «Қамқорлық» акциясына ат салысты. М.Жұмабаев атындағы № 137 ЖББ мектептің қайырымды ата-анасы Молдабаев Болат 25000 теңгеге 4 оқушыға аяқ киім (етік) сыйға тартты.

Жетісу аудандық білім бөлімінің мектептерінде дәстүрлі Республикалық «Қамқорлық» акциясы бойынша төмендегідей іс-шаралар атқарылуда.

№57 ЖББМ  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы9 қаңтардағы №6-15-3/59 нұсқаулығының негізінде «Қамқорлық» республикалық қайырымдылық іс-шарасы барысында іс-шаралар атқарылды: 

4 «Б» сынып оқушыларының ата-аналары барлық сыныпты құрап, жағдайы төмен отбасынан 6 «Б» сынып оқушысы Лазарева Аленаға екі жастық, көрпе және екі төсекке арналған жиынтықты сатып алды. Айтиевтердің отбасының балаларына 6 000 теңге көлемінде кеңсе тауарларын және 15 000тг. киім берілді.Осы науқан барысында 9 «А» сынып оқушылары аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған тәттілер мен өнімдерді 6000 теңгеге дайындады. 8 «А» сынып оқушылары 4 000 тг мөлшерінде тәттілер алып 4 «Д» сынып оқушысы Косжанова Жаннаға көмек көрсетті. Сондай-ақ ата-аналары кеңсе тауарлары мен мектеп рюкзактарына 9000 тг. көлемінде көмек көрсетті.

Учащиеся 8 «А» класса подготовили корзину в сумме 4 000 тг. для ученицы 4 «Д» класса Косжановой Жанне. Также ей родители оказали помощь в виде канцелярских товаров и

№ 102 ЖББМ «Қайырымдылық» дәстүрлі республикалық акциясы бойынша мектепте           акция жұмысына белсене араласқан 5 «А», 4 «А» сынып ата-аналары демеушілік танытып, сыныптағы жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларға демеушілік танытып, көмек көрсетті. Атап айтқанда, 5 «А» сыныбының ата-аналары 30000 мың теңге қаржылай көмек, ал 4 «А» сынып ата-анасы 13 000 теңгеге оқуға арналған   кеңселік тауарлар сатып алып берді. Ал ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Альжанова П.Д. 5000 теңгеге көктемгі аяқ киім алып берді . Сонымен қатар, мектеп асханасының жалға алушы «Мамбетомурова Р.Э.» мектептің аз қамтылған үш отбасы балаларына азық-түлік көмек ретінде берді. 1 «А» сынып оқушысының ата-анасы Абдикаримова Г. сыныптағы аз қамтылған оқушыға қыстық куртка алып берді. Мектеп ұжымы акция жұмысына белесене араласып, демеушілік танытқан ата-аналарға ерекше алғысын білдірді.

№ 108 ЖББМ Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі мен Алматы қаласы Білім басқармасының «Қамқорлық» акциясын өткізу туралы хатының негізінде мектепішілік «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын өткізу туралы бұйрық шығарылды, жоспар бекітілді. Жоспарға сай жұмыстар жүргізілді. Акцияның мақсаты: тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан, жетім, ата-ана қарауынсыз қалған балаларға қолдау көрсету, әлеуметтік жағдайының жақсаруына үлес қосып, қол ұшын созу. Мектеп ұжымы, ата-аналардың демеушілігімен 3 көпбалалы отбасына ақшалай 20 000 теңге және 20 000 теңгеге азық-түліктермен көмек көрсетілді.

Жетісу ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес Республикалық «Қамқорлық» акциясына орай №108 жалпы білім беретін   мектебінің 10«Б» сынып оқушылары №1 балалар үйіне барып, өздері демеушілік жасап, 20000 теңгеге   киім-кешектер апарып бір қуантып тастады. Мектеп әкімшілігі осындай игі істері үшін 10 «Б» сынып оқушыларына, ұйымдастырған сынып жетекшісі Ж.Б.Құрманқұловқа алғыс білдіреді.

Қайырымдылық пен қамқорлық жасау - игі іс.

№ 110 МГ Қайырымдылық - көмек қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық - адамның асыл қасиеттерінің бірі.                                                    

Мемлекет басшысының балалардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңын және мектеп жасындағы балаларды міндетті оқумен қамту мақсатында және Жетісу аудандық білім бөлімінің тапсырмасы бойынша 2019 жылғы 10 қаңтар - 10 ақпан аралығында дәстүрлі республикалық "Қамқорлық" акциясы аясында 2019 ылдың 25 қаңтар күні № 110 мектеп-гимназияның 9"Б" сынып жетекшісі Гүлзат Жұмабекова оқушыларымен және мектеп-психологы Ажар Бокотова N 2 қалалық мамандандырылған балалар үйіне арнайы барып, қайырымдылық игі істер жасап, көмек көрсетті.

№ 137 ЖББМ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Алматы қаласы Білім басқармасының "Қамқорлық" акциясын өткізу туралы хатының негізінде мектепішілік "Қамқорлық" қайырымдылық акциясын өткізу туралы бұйрық шығарылды, жоспар бекітілді. Жоспарға сай жұмыстар жүргізілді. Акцияның мақсаты: тұрмыс жағдайы төмен, көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан, жетім, ата-ана қарауынсыз қалған балаларға қолдау көрсету, әлеуметтік жағдайының жақсаруына үлес қосып, қол ұшын созу. “Қамқорлық” акциясына байланысты стендтер жасалынды. М.Жұмабаев атындағы №137 жалпы білім беретін мектептің ұстаздар ұжымы «Қамқорлық» акциясына ат салысты. М.Жұмабаев атындағы № 137ЖББ мектептің қайырымды ата-аналары, сынып жетекшілер және де ұстаздарыазық-түлікпен, қыстық киімдермен, қыстық аяқ-киімдермен қаржылай, кеңсе тауарларымен 15 оқушыға 105000 теңгеге көмек көрсетті.

№ 177 ЖББМАдамның жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осыған орай «Қамқорлық» акциясы аясында «Жүрегім толы мейірім» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Мақсатымыз жас ұрпақтың бойына ізгілік, қамқорлық сияқты асыл қасиеттерді дарыту, әлеуметтік жағынан қорғалмаған және күн көрісі төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсету. Жәрмеңкеден түскен қаражатқа аз қамтылған отбасынан шыққан 1 оқушыға 10000 теңге көлемінде қыстық етік алып берілді.

     "Қамқорлық" акциясы аясында 3 «Е» сынып ата-анасы Досанов Қайраттың атынан аз қамтылған отбасынан шыққан 3 оқушыға қыстық етіктер алынып берілді. 36000 теңге көлемінде.8 «Ә» сынып ата-анасы Сагиев Мараттың атынан 30000 теңге көлемінде аз қамтылған отбасынан шыққан 4 оқушыға спорттық аяқ киімдер алынып берілсе, 6 «В» сынып ата-анасы Дана Құдайбергенованың атынан 5000 (бес мың) теңге көлемінде 2 оқушыға шұлықтар, киім-кешектер берілді. 7 «Ә», 9 «Г» сынып ата-аналары мен сынып жетекшілері атынан аз қамтылған отбасыларға 12000 (он екі мың) теңге көлемінде азық-түліктер үйлеріне апарып берілді.

№ 193 ЖББММемлекет басшысының балалардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын және мектеп жасындағы балаларды міндетті оқумен қамту жайлы басқалай нормативтік-құқықтық актілерді, сонымен қатар Қазақстан Республикас Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы №6-15-3/59-И хатын орындау мақсатында:

2019 жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында дәстүрлі республикалық «Қамқорлық» акциясы өткізілуде.Акция барысында аз қамтылған отбасы балаларына қыстық киім мен мектеп формасы және мектепке қажет құрал-жабдықтар алынды. Көмектескен 8 «А» сыныбының ата-аналары Сейдахметова Каракоз, Досжанов Султан және 1 «В» сыныбының ата-аналары Червинская Татьяна Александрова, Скендарова Фаранд Асановна, 3 «В» сыныбының ата-аналары Степовая Тамара Евгеньевна, Шестирекова Наталья Михайловнға алғысымызды білдіреміз.

 

Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

777 2

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online