Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Алматы қаласы Түрксіб ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне арналған іс-шаралар есебі

Алматы қаласы Түрксіб ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне арналған іс-шаралар есебі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, 12-желтоқсан 2018 жылы 76 ЖББ мектепте, Түрксіб ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруы мен «Біз Тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз» атты насихат топтың аудандық байқауы өтті. Тәуелсіздік күніне арналған шараға ауданның барлық мектептері қатысты.    Байқауды ұйымдастыру мақсаты жасөспірімдердің отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімдерін қалыптастыру және азаматтық бастамасын дамыту. Әлеуметтік маңызы бар қызметтерге жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін іске асыру үшін жағдай жасау. Жастар бірлестігінің бірден бір жұмыс түрі үгіт-насихат тобының қозғалысын насихаттау болып табылады. Байқау соңында команда жеңімпаздары іріктеліп, білім бөлімінің бас маманы Қарлығаш Тастановна мен марапатталды. Атап өтетін болсақ 1- орынды №198 ЖББМ, 2- орынды №17,20 ЖББ мектептер және 3- орынды №76,31,59 мектептер иеленді.

15 желтоқсан күні №142 ЖББ мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай, 6-сыныптар арасында мектептің дене-шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында спорттық жарыс өткізілді. Жарысқа 5 команда қатысты. Жарыс Қазақстан Республикасының Гимнін орындаудан басталды. Жарысқа қатысушыларға мектеп директоры Қуатова Ақылсара Мергенбаевна сәттілік тіледі. Әр команданың аты, ұраны болды. Жарыс төмендегідей қазақтың ұлттық ойындарынан тұрды:

  •        «Арқан тартыс»
  •         «Тұмақ ұру»
  •         «Бұқа тартыс»
  •         «Асық ату»
  •         «Бәйге»

Осы аталған ұлттық ойындар оқушыларды ептілікке,шапшаңдыққа, жылдамдыққа үйретеді. Жарыс қазақ халқының ұлттық ойындарын насихаттауға, салауатты өмір салтын сақтауға бағытталған. Сонымен қатар, әділ- қазылар жарыстың қорытындысын шығарғанша оқушылардың орындауында қазақ биі биленіп, «Адай» күйі ойналды. Жарыс соңында жеңген командалар алғыс хаттармен марапатталды

С.Сейфуллин атындағы №74 ЖББ мектеп:

Мақсаты:

  •           жас ұрпаққа тәуелсіздіктің маңызы мен мағынасы туралы түсінік-білімдерін санасына тереңдету;
  •           Желтоқсан оқиғасының маңыздылығы мен тәлім –тәрбиесін түсіндіру, оқиға жайлы дұрыс түсінікті қалыптастыру;
  •           Жеткіншектерге азаматтық-патриоттық тәрбие беру, адамгершілік пен ұлттық құндылықтарды сақтауға елі мен жерін, ана тілін сүюге, мемлекеттік тілге құрмет көрсетуге тәрбиелеу;
  •           Жауапкершілік пен міндеттілікке баулу, көркем-әстетикалық тәрбие беру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  •           Аталмыш мереке аясында төмендегідей іс-шаралар атқарылды:
  •           16.11.2018ж. Желтоқсан оқиғасына және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді;
  •           10.12.2018ж. Тәуелсіздіктің мерекесіне орай 1а,ә,б,в,г сыныптың оқушылары «Жас қыран» қатарына қабылданды. «Жас қыран»қатарына өз анттарын айта отырып өткен оқушылар мойынына көк туымыз түстес галстуктарды мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, аға тәлімгер және «Жас ұлан» белсенділері байлады.Сонымен қатар іс-шараға мекетеп ардагері Лихошерстных А.Н. шақырылды. Салтанатты саптүзеуде қонақтар «Жасқырандықтарды» мерекелерімен құттықтап,жылы лебіздерін білдірді.
  •           11.12.2018ж. «Қазақстан-балалар көзімен» тақырыбында суреттер байқауы болып өтті. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды;
  •           14.12.2018ж. мектеп кітапханасында «Менің Отаным-Қазақстан», «Менің елімнің тарихы-менің тарихым», «Теңге – Тәуелсіздік айғағы»,   «Желтоқсан желі ызғарлы» тақырыптық сөрелері әзірленді;
  •           13.12.2018ж. кітапханашы   Ж.Абуева 6 «ә» сыныбымен   «Тәуелсіздік -тұғырым» ашық сабақ өтті.
  •           14.12.2018ж. 7 «А» сыныбында Э.Б.Шүйкебаева «Желтоқсан шежіресі, елімнің мәртебесі!» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
  •           14.12.2018 жылы 5- сыныптар   «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды;

         

Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

777 2

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online