Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Жетісу ауданы мектептерінің А.Т. Миразованың 70 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларының есебі

Жетісу ауданы мектептерінің А.Т. Миразованың

70 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларының есебі

Жетісу ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес №102 мектебінде А.Т. Миразованың еңбегіне арналған сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Ұстаз еңбегіне құрмет, ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту. Ұстаз  мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.

04.12.2018ж. Ұстаздық – ойласаң, тұңғиығына батыратын, сөйлесең – шырқау көкжиегіне көтеретін, теңіздей терең, асқар шыңдай заңғар, қазақ даласындай байтақ ұлы ұғым. «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт» деген де халық даналығы бар. Иә, бекер айтылмаған сөз. Осындай ұстаздың бірі – «Қазақстанның Еңбек Ері», «Алтын жұлдыз», «Отан» ордендерінің иегері, қоғам қайраткері Миразова Аягүл Төреқызының 70-жылдық мерейтойына орай, Жетісу ауданы N110 мектеп-гимназияның 1-11 сынып оқушылары арасында бірыңғай «Ізгіліктің нұрынан жаралғансыз!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

№148 мектеп-гимназияда 04.12.2018 күні Қазақстанның Еңбек Ері, ардагер ұстаз, «Алтын жұлдыз», «Отан» ордендерінің, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері Аягүл Төреқызы Миразованың 70 жылдық мерейтойына арналған «Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларына ашық сынып сағаттары өтілді. Мақсаты: Аякүл Төреқызының еңбек жолы мен ұстаздық мәртебесін оқушыларға таныстыра отырып, ұстаз мамандығын дәріптеп, мәртебесін көтеру. Тұлға арқылы тәрбиелеу.

№177 жалпы білім беретін мектепте 4 желтоқсан күні Қазақстанның тұңғыш Еңбек ері, ардагер ұстаз, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері Аягүл ТөреқызыМиразованың 70 жылдық мерейтойына арналған«Алтын жұлдызды ұстаз» атты бірыңғай тәрбие сағаттары өтті.

№193 жалпы білім беретін мектепте 4 желтоқсан күні математика пәнінің мұғалімі, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының Академигі, Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері, «Алтын жұлдыз» және «Отан» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Білім Беру ісінің Құрметті қызметкері, Алматы қаласының Құрметті азаматы - Аягүл Төреқызы Миразова туралы 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты-оқушыларды Аягүл Төреқызының өмір жолымен таныстыра отырып, ұстамдылыққа, аңғарымпаздыққа, ізгі қарым-қатынасқа, қарапайымдылыққа, жақсы маман иесі болуға,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

777 2

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online