Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Алматы қаласы Білім басқармасының Бостандық ауданының білім бөліміне қарасты мектептердің Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар есебі

Алматы қаласы Білім басқармасының Бостандық ауданының білім бөліміне қарасты мектептердің Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар есебі

ЖББМ№ 40

22 қараша күні Алматы қаласы Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып жетекшісі Мұсабек Ақмарал Ғабиденқызының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: «Руханижаңғыру» бағдарламасыаясында және «Тұңғыш Президент күніне» байланысты «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе ...» атты мектепішілік бастауыш сынып оқушылары арасында Абай оқуларының байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты:

оқушылардың қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмір жолы мен қара сөздерімен таныстырып өлеңді мәнерлеп, саналы түсініп оқуға машықтандыру;

оқушылардың дүниетанымын кеңейту, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жүйелі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

оқушыларды адамгершілікке, жалпыадамзаттық құндылықтарды сезінуге, адалдыққа,талапты болуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе ...» атты мектепішілік бастауыш сынып оқушылары арасындағы байқау екі кезеңнен өтті. Байқаудың бірінші кезеңінде

жалпы бастауыш сыныптың барлық 70-ке жуық оқушысы Абай шығармашылығымен толық қамтылып сыныптық байқаудан іріктелген оқушылар екінші мектепішілік кезеңге қатысты.

Байқау оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты екі бөлімнен өтті: бірінші бөлім 3-4 сыныптар арасында өтсе, екінші бөлім 1-2 сыныптар арасында болды.

Мектепішілік байқаудың бірінші бөліміне қатысушы 3-4 сыныптар өз білімдері мен шеберліктерін келесі тапсырмалар бойынша көрсетті:

«Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» бұл кезеңде сайыскерлер өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа айтты.

«Абай айтқан асылдар» бұл кезеңде сайыскерлер Абайдың қара сөздерін жатқа айтты.

«Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла...» бұл кезеңде Абай өміріне байланысты сайыскерлерден сұрақ-жауап алынды.

«Жыр жазамын Абайдың үлгісімен...» бұл шығармашылық кезең деп аталады.Бұл кезеңде сыныптар Абай шығармаларына байланысты газет, буклеттер шығарды.

Мектепішілік байқаудың екінші бөліміне қатысушы 1-2 сыныптар төмендегі тапсырмалар бойынша өнерлерін көрсетті:

«Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» бұл кезеңде сайыскерлер өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа орындады.

«Көңілім әнді ұғады...» бұл кезеңге сайыскерлер Абайдың әндерін шырқады.

«Жыр жазамын Абайдың үлгісімен...» бұл кезеңге сыныптар Абай шығармаларына байланысты газет, буклет шығарды. №40 жалпы білім беретін мектепте Тұңғыш Президент күніне байланыстыоқушыларымыздың көптен күткен «Жарыс Арена» атты екі үлкен футбол спорт кешендері салтанатты түрде ашылды. Спорттық нысанның ашылуына арнайы Алматы қаласы әкімі БауыржанБайбек қатысты. Бұл спорттық кешен жабық екі үлкен ангар іспеттес футбол алаңымен, баскетбол және волейбол ойнайтын алаңдарымен, айналмалы жүгіру жолымен,арнайы шешінетін және жуынатын бөлек нысандарыменерекшеленіп салынған.

ЖББМ №63

№63 ЖББМ-те Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніе орай 5-11 сыныптар арасында жалпы мектептік «Біздің Елбасы» атты ленейка өтті.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніе орай 5-11 сыныптар арасында жалпы мектептік «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тәрбие сағаттары өтті.

ЖББМ №70

№70 ЖББМ-те 30 қараша күні 1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиын Мемлекеттік Гимнмен ашылып, Елбасының тарихы туралы қысқаша мәліметтер берілді.

1-11 сыныптар аралығында «Елі сүйген, елін сүйген-Елбасы», «Қазақтың тұңғыш Президенті-қазағымның мақтанышы», «Елбасы-тәуелсіздігімнің тірегі» тақырыптарында бірыңғай сынып сағаттары жүргізілді.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: Қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласын іске асыру мақсатында екі тілде «Болашаққа бағдар» және «Взгляд в будущее» атты видеофильмдер көрсетілді.

Бастауыш сыныптарының қатысуымен Тұңғыш Президент күніне арналған әдеби монтаж және «Нұраға» атты әнді хорда тұрып шырқады. Жас бүлдіршіндер Елбасына арнап ән шырқап, өлең оқыды.

Сонымен қатар, ортаңғы буын оқушылары арасында «Елін сүйген-Елбасы» тақырыбында мерекелік бағдарлама өткізілді.Бағдарлама Қазақстан Республикасының әнұранын орындаудан басталды да мектеп директоры Жусупов Бауржан Туремуратұлының құттықтау сөзімен жалғасын тапты.Бағдарлама барысында оқушылар Елбасының өмірінен көрініс көрсетіп, елбасының 98,7% дауыс жинап Президенттікке ұсынылғанын көрсетіп, көзімізге жас үйірді. Сондай-ақ, оқушылар арнау өлеңдерін оқып, домбырамен күй тартты.

Мектеп кітапханасында «Ұлт көшбасшысы-Елбасы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Осыған орай, мектебімізде 5-7 сынып оқушылары арасында «Жас суретші» байқауы өткізілді.

Сонымен қоса, мектебімізде 5-8 сынып оқушыларыжәне жоғары сынып оқушылары арасында «Елбасы-елдің тірегі» тақырыбындаүздік эссе байқауы ұйымдастырылды.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Манасбай Толғанай, ІІ орынды Есенгел Адема, ІІІ орынды Барат Мариям иеленді.

ЖББМ № 88

Өмірі өнеге, ұстаздық жолы абзал, адамгершіліктің туын биік ұстаған құрметті жан- ұстаздар қауымы үшін әрқашанда биік тұлға.

№88 мектеп бойынша 4 желтоқсан күні 1-11 сыныптарда ұлағатты ұстаз Миразова Аягүл Төреқызы 70 жылдығына арналған «Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет» атты біріңғай сынып сағаттары өте жоғары деңгейде ұстаздық қызметті ұлықтап, мәртебесін көтеріп өткізілді

МЛ № 92

№ 92 МЛ 30 қараша күні 1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиын Мемлекеттік Гимнмен ашылып, Елбасының тарихы туралы қысқаша мәліметтер берілді.

5 – 11 сыныптар аралығында «Елі сүйген, елін сүйген-Елбасы», «Қазақтың тұңғыш Президенті-қазағымның мақтанышы», «Елбасы-тәуелсіздігімнің тірегі» тақырыптарында бірыңғай сынып сағаттары жүргізілді.

Сонымен қатар, 1 – 3 желтоқсан аралығында лицейде Махатма Ганди атындағы қалалық шахматтан турнир өтті.

Мектеп кітапханасында «Алем таңыған кемел тұлға» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Осыған орай, мектебімізде 5-7 сынып оқушылары арасында «Жас суретші» байқауы өткізілді.

Гимназия №140

Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу; Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев - тұңғыш президент» 1 желтоқсан -Президент күніне орай өткізілген тәрбие сағаты. Біздің Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Қатысқандар:гимназия директоры және орынбасарлары, мұғалімдер, ата-аналар!

Қорытынды:«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тәрбие сағаты өте жоғары деңгейде өтті. Тақырыпқа сай оқушылар Елбасы туралы құнды мәліметтер бере алды. Және де көрермендер ерекше әсерде болды.

МЛ №146

№146 мектеп-лицейде қараша айында 1-11 сынып оқушылармен сынып жетекшілер сынып сағаттарын дөңгелек үстел, пікіралмасу түрлерінде өткізді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері «Менің Президентім» тақырыбында шығарма жаздырды. Кітапханашы кітап көрмесін ұйымдастырды. Тарих пәнінің мұғалімдері «Тұңғыш Президент» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Музыка пәнінің мұғалімі Игілікова Н концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

ЖББМ №183

№183 ЖББМ-те 30 қараша күні 1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиын Мемлекеттік Гимнмен ашылып, Елбасының тарихы туралы қысқаша мәліметтер берілді.

1-10 сыныптар аралығында «Елі сүйген, елін сүйген-Елбасы», «Қазақтың тұңғыш Президенті-қазағымның мақтанышы», «Елбасы-тәуелсіздігімнің тірегі» тақырыптарында бірыңғай сынып сағаттары жүргізілді.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: Қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласын іске асыру мақсатында екі тілде «Болашаққа бағдар» және «Взгляд в будущее» атты видеофильмдер көрсетілді.

Бастауыш сыныптарының қатысуымен Тұңғыш Президент күніне арналған сынып және тәрбие сағаттары өткізілді

Сонымен қатар, ортаңғы буын оқушылары арасында «Елін сүйген-Елбасы» тақырыбында сурет көрмесі өтілді

МГ № 199

«№199 мамандандырылған гимназиясы» КММ-де Тұңғыш президент күніне арналған бірнеше іс-шара ұйымдасытырылып, өткізілген болатын. «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының мақсаты:

1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу;
Және гимназия оқушыларына арналған патриоттық салтанатты кеш өткізілді. Салтанатты іс-шара ҚР Гимнымен басталып, Тұңғыш Президентіміз күніне арналған өлең жолдары оқылып, ән айтылды. Кеш соңында Елбасымыздың өмір жолы туралы бейнебаян көрсетілді.

МИ № 10

«№10 мектеп-интернат» КММ-де Тұңғыш президент күніне арналған бірнеше іс-шара ұйымдасытырылып, өткізілген болатын. «Мой первый президент» атты сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының мақсаты:

1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу;

Және мектеп-интернат оқушыларына арналған «Елін сүйген,елі сүйген- Елбасы» мерекелік іс-шара өткізілді. Салтанатты іс-шара ҚР Гимнымен басталып, Тұңғыш Президентіміз күніне арналған өлең жолдары оқылып, ән айтылды. Кеш соңында Елбасымыздың өмір жолы туралы бейнебаян көрсетілді. Интернат кітапханасында «Ел тірігі - Елбасы» атты кітап көрмесі өтті.

Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

777 2

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online