Алматы қаласы Білім басқармасының Медеу аудандық білім бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінде 1 желтоқсан Президент күніне ұйымдастырылған іс-шаралар
27.11.2018 күні мектебімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай мектепішілік іс-шаралар өтілді. Аталған іс-шарада 1-11 сыныптар арасында ашық тәрбие сағаттары, Өзін – өзі тану пәні бойынша бірлескен әдеби-сазды кеш өтті. Сонымен бірге 5 «Б» сынып оқушысы, тенистен бірнеше жарыстың жүлдегері Нұрланұлы Заңғар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен болған әдемі кездесуін сыныптастарына әңгімелеп берді.