Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

«Елін сүйген, Елі сүйген- Елбасы» тақырыбында өткен іс – шара

Алматы қаласы Білім басқармасының Алатау аудандық білім бөліміне қарасты Қоңыр Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектепте 1 желтоқсан - Тұңғыш Елбасы күніне орай өткізілген «Елін сүйген, Елі сүйген- Елбасы» тақырыбында өткен іс – шара

  28.11.2018 күні аталған мектепте «Елін сүйген, Елі сүйген - Елбасы» тақырыбында мерекелік іс – шара өтті. Мектебіміздің директоры Алмасбаева Қаламқас Қалиқызы барша көрермендерді мерекелерімен құттықтап, келген қонақтармен таныстырып өтті. Іс – шараға Алатау аудандық ардагелер кеңесінің төрағасының орынбасары Сағидолла ақсақал, Алатау аудандық білім бөлімінің басшысы Касымбекова Айгүл Жұмабекқызы,  Алатау аудандық «Нұр Отан» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасаев Мұханқали Тұрашұлы, Алатау ауданы Нұр Отан партиясы филиалының кеңесшісі Есенбай Қордай Сансызбайұлы, Гончаров атындағы ҚазАДИ университетінің проректоры Рамазан Бекбол мырза және Алматы ақшамы газетінің тілшісі Нұрлан Сүйін, Алматы қалалық орталық мұрағаттың маманы Акаева Ғалия ханым келіп, жас өнерпаздарымыздың өнерін тамашалады. Концерттің шымылдығын барша көрерменнің жүрегін селк еткізген мектеп оқушыларынан құрылған Тельтаева Ләйла Тәкенқызы жетекшілік ететін оркестрдің «Әлқисса» күйіненбастау алып, Абдрахманова Ажар Утебайқызының жетекшілігімен «Жұлдыздар» би тобының мың бұралған бишілерінің биімен жалғасын тапты. Жас көркем сөз оқу шеберлері Ергеш Индира, Маратова Арайлым, Талғатұлы Жанболат, Талғатұлы Шынболат, Алтай Әбілмансұр, Бухарбаева Сафина, Мамбетова Ұлжан Елбасыға арнаған жыр шумақтарын арнады.   Елбасы өмірінен алынған сахналық қойылым көрерменнің көңілінен орын алды. Сонымен қатар, оқушылар ғана емес   мектебіміздің өнерлі ұстздары да өз өнерлерімен қонақтарды таңқалдырды. Мектебіміздің жас бұлбұлдары Азизова Гульфируза «Мой Казахстан» әнін орындаса , Абсамат Сырымның орындауындағы асқақтата шырқалған «Самға» әнімен мерекелік іс – шара өз мәресіне жетті.

Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online