Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Алматылық оқушылар бизнес-жобаларын ұсынды

 Алматылық оқушылар бизнес-жобаларын ұсынды

Алматы қаласының Білім басқармасы және «I-MAP» зияткерлік даму орталығы British Council (Британдық Кеңеспен) серіктестікте, «Шеврон» компаниясымен, Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасымен, Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорымен және «Beeline Қазақстан» компаниясымен бірлесе отырып, 2018 жылғы 27 қазанда Оқушылар сарайы базасында «I-SEED: Инновациялар-әлеуметтік кәсіпкерлік және білім» жобасы аясында Мектептік бизнес фестивалін өткізді.

Аталған іс-шара оқушылар арасында кәсіпкерлікті кеңінен таныту және олардың кәсіпкерлікке деген қызығушылығын арттырумен, тарту жолымен кәсіптік дағдыларын дамытуға мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылды.

Фестиваль барысында оқушылар әртүрлі жүлделі байқауларға, викториналарға, ұтыс ойынына, үстел бизнес-ойынына қатысты, сондай-ақ, қаладағы табысты кәсіпкерлерден тиімді ақпараттар алды. Сонымен бірге, іс-шара аясында ағымдағы жылғы қыркүйек айында 100-ден астам оқушы қатысқан «Үздік Бизнес идея - 2018» қалалық байқауының қорытындысы жарияланды. British Council мен «Шеврон» компаниясы «House Control» (дауыс арқылы үй басқару), «AME Technology» (көзі көрмейтін және нашар көретін адамдардың өмір сапасын арттыру үшін жаңа таяқшалар) және «Connection» (тыңдаушыларға түсінікті болу үшін тілді аударатын интернет-қосымша) жобаларымен финалға шыққан 10 команданы және жеңімпаз болған 3 команданы ерекше атап өтіп, олардың жобаларына қажетті техникалар алуға арналған сертификаттар табыстады.

«Beeline Қазақстан» компаниясы бағалы сыйлықтармен келесі жобаларды марапаттады: «Abailya» (қауіпті жағдайда іс-әрекеттерге үйрететін балалар үшін ойын), «3P braclet» (RFID технологиясы бойынша пластик карталары) және «Veni, Vidi, Vici» (жоғалып кеткен адамдарды іздеу бойынша қосымша).

Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры экология мәселесі бойынша финалға шыққан 8 жобаны атап өте келе, «Алматы қаласында су сапасын зерттеу» жобасына қолдау көрсетті. Аталған жобаны іске асыру мақсатында М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің лабораториясына қажетті жабдықтауды алу үшін қаржыландыру бөлді.

«I-MAP» зияткерлік даму орталығы «TopClining» компаниясымен бірлесіп, қаржылай гранттар бөлумен келесідей 7 мектептік жобаны қолдады: №148 мектеп-гимназиясының «Тәй-Тәй», №193 жалпы білім беретін мектептің «Relax puf», Халықаралық туризмнің менеджмент колледжісінің «3D кітаптар» және «Эко сөмкелер», №55 жалпы білім беретін мектептің «Grin Live», №144 мектеп-гимназисының «Da-energi save glass» және Назарбаев зияткерлік мектебінің «Drip Living House» жобалары.

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online