Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

 Жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

«Social Development Center» қоғамдық қорының бастамасымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің және Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен 2018 жылғы 25 қазанда №176 мектеп-гимназия базасында «Білім беру ұйымдары аясында жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру мәселелері» тақырыбына арналған қалалық  семинар өткізілді.

Семинар Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы Стратегиясын іске асыру, білім саласында жемқорлыққа қарсы қылмыстардың алдын алу, сонымен бірге жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптасыру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға «Sanaly urpaq» жобалық офисінің басшысы К.А Токушев, «Social Development Center» қоғамдық қорының корпоративті мәселелер мен қоғаммен байланыс бойынша менеджері Б.Б. Турабаев, Алматы қаласы Білім басқармасының, аудандық білім бөлімдерінің мамандары және орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының 200-ден астам орынбасарлары қатысты.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы саясатының маңызды мақсаттары мен бағыттары түсіндіріліп, жемқорлық қылмыстардың алдын алу мәселелері талқыланды.

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online