Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Жетісу ауданындағы №148 мектеп-гимназияда аудан көлеміндегі «Адал ұрпақ» ерікті клубының жиналысы болып өтті.

 Жетісу ауданындағы №148 мектеп-гимназияда аудан көлеміндегі «Адал ұрпақ» ерікті клубының жиналысы болып өтті.

Жетісу ауданындағы №148 мектеп-гимназияда аудан көлеміндегі «Адалұрпақ» ерікті клубының жиналысы болып өтті. Жиынға Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Геннадий Данияров, республика бойынша «Саналы ұрпақ» жобасының басшысы Қайыржан  Токушев және Жетісу ауданы Білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсайынова, аудан мектептерінің директорлары мен тәрбие  ісі жөніндегі орынбасарлары және балабақша  меңгерушілері  қатысты. Күн тәртібінде тамыз айында мектептер мен колледждерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін берілген ұсыныстардың орындалуы мен іске асуы қаралды.

«Адал ұрпақ» еріктілер клубы жобасы Елбасының «100 нақты қадам – Ұлт жоспарының» 13 қадамының жемқорлыққа қарсы күресті күшейту міндеттерін іске асыруда білім беру ұйымдарындағы мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқор­лыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру аясында республика мектеп­терінде жұмысын бастаған еді. Мектеп – тек білім беруші ғана емес, өскелең ұрпақ бойына мәдениет пен тәртіпті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптас­тыратын орта. Осы мәселелер төңірегінде алғашқы сөзді «Адал ұрпақ» ерікті клубының республикалық жетекшісі Қайыржан Ахметбекұлы алды. Тақырып­тық баяндама оқылып болған соң, мектеп басшыларымен бірге талдады.

Мектепке жұмысқа алу, оқушыларды мектепке қабылдау, мектепке қажеттілікті ата-ана тарапынан өтеуге тыйым салы­натыны тағы ескертілді. Мектепте атқары­лып жатқан шаралар ата-аналар мен қоғам үшін әлеуметтік желілерде ашық жария­лануының пайдалы тұстарына тоқталды. Әр мектептердегі клуб мүшелерінің санын арттыру керектігін тапсырды. Республика бойынша «Адал ұрпақ» ерікті клубына 1–11-сынып оқушылары тартылатынын мектеп басшыларына баса айтты. Осы бағытта қала, аудан бойынша сенім телефондары жұмыс жасайды. «Сенім телефоны» барша сынып оқушылары мен ата-ана, қала тұрғындарына ашық болуы керек. Жиналыс барысында өз тәжірибе­сімен бөлісіп, туындаған сұрақтарға жауап берді. Сөз соңында Жетісу ауданы бойын­ша «Жемқор­лыққа жол жоқ!» акциясын қалалық көлемде ұйымдастыруды ұсынды. Ұсынысты аудан басшылары бірауыздан қолдады. Жетісу ауданы бойынша «Адал ұрпақ» ерікті клубтың атқарған істері және 2018-2019 оқу жылында  жоспарланған шаралармен  аудан басшысы Салтанат Құсайынова таныстырды.

Жетісу ауданы бойынша 21 мектепте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» стандарт бекітіліп, өз жұмыстары жолға қойылған. Әр мектепте клубтың жетекшісі мен мүшелері сайланған. Сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы мәдениетті қалыптастыру барысында тақырыптық тәрбие сағаттары, «дөңгелек үстелдер», конференциялар, құзырлы орган қызметкерлерімен кездесу, түрлі байқаулар, флешмоб, эссе, сахналық қойылымдар ұйымдастырып келеді. Жетісу ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектептер тарапынан ешқандай іс қозғал­мағанын баса айтып, атқарылған іс-шаралар баспасөз беттерінде жарияланып отыратынын  жеткізді.

Жиналыс соңында №148 мектеп-гим­назияның директоры Фатима Әлиакбарова 2017-2018 оқу жылында «Адал ұрпақ» ерікті клубының өткізген іс-шараларын баяндап, өз тәжірибесімен бөлісті. Мектепте клуб мүшелері 3 бағытта жұмыс жасайды. Жұ­мыстары нақты және нәтижелі. «Адал ұр­пақ» ерікті мектеп клубы рухани адам­гершілікке және азаматтық патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асырып, жастардың саяси-құқықтық білімін терең­детуге ықпал етеді.

 

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online