Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

«Мәңгілік елдің Жас Ұландары» атты бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелігіне арналған салтанатты қабылдау жөнінде ақпарат

 

«Мәңгілік елдің Жас Ұландары» атты

бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер  ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің  мүшелігіне арналған

 салтанатты қабылдау жөнінде

АҚПАРАТ

        Алматы қаласы Білім Басқармасының мемлекеттік тапсырысына сәйкес, «Ұлы Жеңіске 70 қадам» Республикалық акциясы аясында,  қазақтың көрнекті киножұлдызы, режиссер  Шакен Аймановтың – 100 жылдық мерейтойына орай 2014 жылдың 23 қазан күні  М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрының алдындағы алаңда Алматы қаласы Білім Басқармасының  «№7 Оқушылар үйі» МКҚК ұйымдастыруымен  «Мәңгілік елдің Жас Ұландары» атты Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің  мүшелігіне салтанатты қабылдау жиыны өтті.

       Еліміздің нағыз патриоттары, білімге құштар,  өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл,  ұлттық дәстүрімізді қастерлейтін  қаламыздың 8 ауданынан жиналған ең үздік  250 оқушы «Жас Ұландар» қатарына қабылданды. 

       Алматы қаласы Білім Басқармасының  рухани адамгершілік тәрбие және өзін-өзі тану  бөлімінің басшысы Молдабаева Қатипа Қасқырқызы  оқушыларды саяси маңызы зор ерекше  күн -  Жас Ұландар қатарына салтанатты түрде қабылдануларымен шын жүректен  құттықтап, Жас Ұландар  -  ХХI ғасыр көшбасшылары,  жаңа, тұрақты, дамып келе жатқан еліміз Қазақстанның ертеңгі болашағы екенін айта келе, алдыңғы толқын ағаларының өнегелі өмірлерінен үлгі ала отырып,  ата-бабаларымыздың еліміз бен кең байтақ жерімізді жаудан қорғап, бізге бақытты өмір сыйлаған Ұлы ерліктерін ешқашан ұмытпау керектігін айтты.

       Жас Ұландарға галстук байлау құрметіне елімізге кеңінен танымал бір топ өнер қайраткерлері қатысты:

$11.     Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының оқытушысы, профессор, режиссер, актер  - Оразхан Кенебаев.

$12.     Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, актриса Данагул Темірсұлтанова,

$13.     Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты,  М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, актер – Бекжан Тұрыс,

$14.     Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан «Жастар одағы» сыйлығының иегері - Асылбек Боранбаев,

$15.      «Серпер» жастар сыйлығының иегері, «Бауыржан Момышұлы» фильмінде басты ролді сомдаған, актер -  Еркебұлан Дайыров. 

      Олар өз кезегінде  Жас Ұландарға жақсы тілектер тілеп, өнегелі өсиеттерін айтты.

        Жасұландықтардың  атынан   №59 мектеп – гимназиясының  оқушысы  Исаев Арлан сөз сөйлеп, бүгінгі ерекше күн жасөспірімдердің есінде мәңгі сақталатындығын, өздері берген антқа адал болып, Егеменді еліміздің нағыз патриоттары болатындықтарын  үлкен тебіреніспен айтты.

        Алматы қаласы бойынша бүгінгі таңда Жас Ұландар қатары  - 156 877.        Жас Ұландар қазақтың ұлы жазушысы  М.Әуезовтың ескерткішіне  гүл шоқтарын  қойды!

        60 оқушы – Жас Ұландық   Құрманғазының «Балбырауын» күйіне флеш –моб билеп,  іс –шараның саяси мәнін толықтыра түсті.

        Жиын соңы Ту түстес галстук тағып, жүздері бал-бұл жанған Жас Ұландардың мерекелік әнімен аяқталды.

Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online