Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді

 Алматы қаласының білім беру ұйымдарында 2018 жылғы 22 қыркүйекте 5, 6, 7 сынып оқушыларының 55 мыңнан астам ата-ананың қатысуымен «21 ғасырдағы Қазақстандық ата-аналар: Өз балаңа үлгі бол» атты кезекті Республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және «Отбасылық Тәрбиелеу Институты» ЖШС бірлесе ұйымдастыруымен өткізілген конференция отбасылық құндылықтарды насихаттауға, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесінде білім беру мекемелерінің отбасымен өзара қатынасын жандандыруға, бала тәрбиелеу барысында ата-аналарда туындайтын ең қиын сұрақтарды анықтауға, балалардың жағымсыз және аутодеструктивті жүріс-тұрыстарының алдын алуға бағытталған.

Ата-аналармен қатар конференцияларға мектептердегі Қамқоршылық кеңестердің және ата-аналар комитеттерінің мүшелері, білім саласының ардагерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, депутаттар, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, БАҚ-тың өкілдері белсенді қатысты.

Іс-шара барысында ата-аналарға түрлі мәселелердің алдын алу және түзету бойынша әлем психологтарынан үздік ұсыныстар беріліп, отбасылық тәрбиелеуге арналған бейнефильмдер мен тұсаукесерлер көрсетілді.

Сонымен бірге, Республикалық ата-аналар конференциялары ағымдағы жылғы қазан айында өткізілетін болады.

 

Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online