Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Алматы қаласы Білім басқармасының мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасына бастамашылық жасау туралы хабарламасы

 

Алматы қаласы Білім басқармасы 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 44-бабы, 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес «Көркемөнер білімін ұсыну» мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасына бастамашылық жасау жөніндехабардар етеді.

Жобаның мақсаты – дарынды балалардың, әлеуметтік қорғалмаған, аз қамтылған отбасыларының балаларына көркемөнерлік білім беру қызметін ұсыну жолымен білім берудегі қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында көркемдік және техникалық білім берудің қосымша дамыту бағдарламаларын іске асыру жолымен көрсетілетін қызметтер сапасын күшейту болып табылады.

Жобаны іске асыру кезінде аталған қызмет түрлері - дарынды балаларды, әлеуметтік қорғалмаған, аз қамтылған отбасылардан шыққан жалпы саны  150 оқушыны әр жыл сайын, 5 жылдық мерзімімен оқыту.

МЖӘ жобасының болжамды әрекет ету мерзімі - 5 жыл. Жобаны жергілікті бюджет қаражаты есебіненіске асыру жоспарланады. Бюджеттен және (немесе) мемлекеттен қолдау шаралары бойынша төленетін өтеу сомасы жылына 30 млн. теңге.

Жоғарыда аталған МЖӘ жоспарланған жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер дарынды балалардың, әлеуметтік қорғалмаған,  аз қамтылған отбасыларының балаларына көркемөнерлік білім беру қызметін ұсыну жолымен білім берудегі қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында көркемдік және техникалық білім берудің қосымша дамыту бағдарламаларын іске асыру жолымен көрсетілетін қызметтер сапасын күшейту бойынша балама ұсыныстар бере алады.

Жеке әріптесті анықтау тәсілі - тікелей келіссөздер

Жоба техникалық қиын немесе бірегейлікке жатпайды.

Балама өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі: 2018 жылғы 7 қазан.

Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысу үшін әлеуетті жекеше әріптес мынадай жалпы біліктілік талаптарына сай келуге тиіс:

1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) болуы;

2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;

4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға, баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрмауға тиіс;

5) соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмауға тиіс.

Балама ұсыныста болуы тиіс:

1) 2015 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. № 725 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру ережелерінің (бұдан әрі - Қағида) 5-қосымшасына сәйкес құрылымда әзірленген МЖӘ жобасына бизнес-жоспар. Бұл ретте МЖӘ жобасының қаржы-экономикалық моделін МЖӘ жобасының бастамашысы әзірлейді және МЖӘ жобасына бизнес-жоспар құрамында ұсынады

2) әлеуетті жекеше әріптестің атауын және мекенжайын;

3) мемлекетке тиесілігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтығын (жеке тұлғалар үшін);

4) заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және әлеуетті жекеше әріптеске өкілдік ететін тұлғалар туралы деректерді;

5) Қағидалардың 128-тармағына сәйкес объектіге қатысты меншік немесе ұзақ мерзімге жалға алу құқығын немесе әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды растайтын құжаттарды;

6) әлеуетті жекеше әріптесте тиесілі зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтардың болуы туралы тиісті уәкілетті органның растайтын хатты;

7) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес әлеуетті жекеше әріптестің біліктілік талаптарына сай келуін растайтын құжаттар.

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online