Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Отбасы және мектептің ортақ міндеттері талқыланды

Қазақстандағы Отбасы күнін мерекелеу аясында Алматы қаласының білім беру ұйымдарында 2018 жылғы 8 және 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және «Отбасылық Тәрбиелеу Институты» ЖШС бірлесе ұйымдастыруымен «21 ғасырдағы Қазақстандық ата-аналар: Өз балаңа үлгі бол» атты Республикалық ата-аналар конференциялары өткізілді.

48 мыңнан астам ата-аналарды қамтыған конференциялар отбасылық құндылықтарды насихаттау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесінде білім беру мекемелерінің отбасымен өзара қатынасын жандандыру, бала тәрбиелеу барысында ата-аналарда туындайтын               ең қиын сұрақтарды анықтау, балалардың жағымсыз және аутодеструктивті жүріс-тұрыстарының алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Ата-аналармен қатар конференцияларға мектептердегі Қамқоршылық кеңестердің және ата-аналар комитеттерінің мүшелері, білім саласының ардагерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, депутаттар, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, БАҚ-тың өкілдері белсенді қатысты.

Іс-шаралар барысында ата-аналарға түрлі мәселелердің алдын алу және түзету бойынша әлем психологтарынан үздік ұсыныстар беріліп, отбасылық тәрбиелеуге арналған бейнефильмдер мен тұсаукесерлер көрсетілді.

Конференциялар соңында ата-аналар өзекті сұрақтар мен тақырыптар бойынша ата-аналар қауымдастығының пікірін зерделеуге бағытталған сауалнамаларды толтырды.

Сонымен бірге, Республикалық ата-аналар конференциялары 5-7 сыныптардағы оқушылардың ата-аналары үшін ағымдағы жылғы 22 қыркүйекте және 2-4, 8-9 сыныптарда оқитын оқушылардың ата-аналары үшін қазан айында өткізілетін болады.

 

Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

777 2

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online