Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

«Алматы қаласындағы білім беру ұйымдарының үздік педагогикалық ұжымы» атты конкурс туралы ақпарат

2018 жылдың 10 мамырда қала әкімінің орынбасары А.О.Қырықбаев бекіткен Үздік педагогикалық ұжымына сыйақы беру туралы  Ережесіне сәйкес, 16 мамыр мен 25 маусымда «Алматы қаласындағы білім беру ұйымдарының үздік педагогикалық ұжымына» сыйақы беру туралы конкурс өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдары, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысы, «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстеме ақы белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы негізінде ұйымдастырылды.
Сыйақы тағайындау үздік педагогикалық ұжымдарға келесі нәтиже бойынша жүзеге асырылды:
1. Бас жүлде – 1 педагогикалық ұжым (165-180 балл);
2. 1 орын – 2 педагогикалық ұжым (155-164 балл);
3. 2 орын – 3 педагогикалық ұжым (145-154 балл);
4. 3 орын – 3 педагогикалық ұжым (135-144 балл).
Алматы қаласы бойынша 12 білім беру ұйымдары қалалық кезеңіне ұсынылды.
«Алматы қаласындағы білім беру ұйымдарының үздік педагогикалық ұжымына» сыйақы беру туралы конкурсқа қатысқан білім беру ұжымдары


Аудан

Білім беру ұйымының атауы

1

Алатау

№166 лицей

№182 жалпы білім беретін мектеп

2

Алмалы

№36 гимназия

3

Әуезов

№104 жалпы білім беретін мектеп

4

Бостандық

№60 гимназия

№68 мектеп-гимназия

5

Жетісу

№101 мектеп-гимназия

6

Медеу

М. Маметова атындағы №28 мектеп-лицей

7

Наурызбай

№157 жалпы білім беретін мектеп

№188 жалпы білім беретін мектеп

8

Түрксіб

№59 мектеп-гимназия

№115 жалпы білім беретін мектеп

Конкурсты құзыретті қазылар алқасы бағалады, комиссия құрамы Алматы қаласының әкімінің орынбасарымен бекітіліп, оның ішіне білім басқармасының мамандары, қоғамдық ұйымдарының төрағалары, қалалық кәсіпорының педагог қызметкерлері, білім ардагерлері кіргізілді.
Көтермелеу тағайындау барысында қазылар алқасы ағымдағы оқу жылының көрсеткіштерін есепке ала отырып төмендегідей шешім қабылдады:
1. Бас жүлде – Медеу ауданының М. Маметова атындағы №28 мектеп-лицейі (200 % лауазымдылық еңбек ақысынан);
2. І орын – Түрксіб ауданының №59 мектеп-гимназиясы, Наурызбай ауданының №188 жалпы білім беретін мектебі (170 % лауазымдылық еңбек ақысынан);
3. ІІ орын – Бостандық ауданының №60 гимназиясы; Әуезов ауданының №104 жалпы білім беретін мектебі, Алмалы ауданының №36 гимназиясы (150 % лауазымдылық еңбек ақысынан);
4. ІІІ орын – Жетісу ауданының №101 мектеп-гимназиясы, Наурызбай ауданының №157 жалпы білім беретін мектебі, Алатау ауданының №166 лицейі (130 % лауазымдылық еңбек ақысынан).

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online