Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Жаңа оқу жылы жаңа мектепте

 2018 жылғы 1 қыркүйекте Білім күнін мерекелеу аясында Алматы қаласының Наурызбай ауданында 1200 орынға арналған жаңа мемлекеттік №200 мектеп-гимназия оқушылар үшін өз есіктерін ашты.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың тосқауылсыз білім алуына барлық жағдай жасалған жаңа білім ордасы робототехника кабинеттерімен, физика және химия мамандандырылған сыныптарымен, ата-аналар бөлмесімен және ойын алаңдарымен жабдықталған. Мектепте сейсмикалық қауіпсіздікке ерекше назар аударылған, осыған орай барлық қабырғалық құрылымдар мен мектеп жиһаздары қабырғаларға бекітілген. Сонымен бірге, мектеп ғимараты тактилді жолдармен, лифтімен, соқырларға арналған Брайль шрифті бар сыныптармен, көру қабілеттері нашар балаларға арналған арнайы жарықтармен және санитарлық бөлмелермен, шақыру қоңырауларымен жарақтандырылған.

 

Білім күні оқушыларды, мұғалімдер мен ата-аналарды жаңа мектептің ашылуымен және жаңа оқу жылымен Алматы қаласының әкімі Б. Байбек және Алматы қаласы Білім басқармасының басшылығы құттықтады.

Білім күніне арналған салтанатты іс-шаралар қаладағы 200-ден астам орта және 80-нен астам техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында өткізілді.

Жалпы алматылық мектептерде 240 мыңнан астам оқушы, оның ішінде 27 мыңнан аса бірінші сынып оқушылары сабаққа оқуға кірісті.

 

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online