Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Жаңа 2018-2019 оқу жылдарына білім берудің маңызды міндеттері айқындалды

 2018 жылғы 23 тамызда «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал»тақырыбында Алматы қаласының Республика сарайында білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өткізілді.  

Тамыз кеңесіне Алматы қаласының әкімі Б. Байбек, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрайымының орынбасары Г. Есімбаева, бірқатар Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі А.К. Аймагамбетов, білім беру саласының еңбек ардагерлері, қаланың оқу орындарының басшылары мен оқытушылары, арнайы шақырылған қонақтар және БАҚ өкілдері қатысты.

Алматы қаласы Білім басқармасы басшысы Г. Ходжабергенова 2017-2018 оқу жылындағы негізгі нәтижелер мен алдағы оқу жылдағы міндеттер туралы мәлімдемемен тамыз кеңесін ашты.

Алматы қаласының әкімі Б.Байбек кеңес қатысушылардың алдында қалалық білім беру жүйесін дамытудың маңызды перспективалары, қаржыландыру жөнінде және қалалық білім беру сапасын одан әрі арттыру міндеттері туралы сөз сөйледі. Өз сөзінің соңында қала әкімі «Ең үздік жалпы орта білім беру ұйымдары»мен «Ең үздік педагогикалық ұжым» қалалық конкурстардың жеңімпаздарына естелік сертификаттар мен дипломдар табыстады. Байқаудың қорытындысы бойынша «Ең үздік жалпы орта білім беру ұйымы» атағына Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназия ие болды. Жеңімпаздарға қала әкімдігінен 22 млн. теңгеден астам грант берілді. Ең үздік педагогикалық ұжымдарды анықтаған байқаудың қорытындысы бойынша келесі білім беру ұйымдарға лайықты марапаттар тапсырылды: 3 дәрежелі дипломдар: № 157 жалпы білім беретін мектеп, №166 лицей, №101 мектеп-гимназия; 2 дәрежелі дипломдар; №36 гимназия, №104 жалпы білім беретін мектеп , №160 гимназия; 1 дәрежелі дипломдар; №59 мектеп-гимназия, №188 жалпы білім беретін мектеп. Қалалық байқаудың «Ең үздік педагогикалық ұжым» атағы бойынша бас жүлдені №28мектеп-лицей жеңіп алды. Алматы қаласының әкімі Б. Байбек білім беру саласындағы көп жылдар бойы жемісті еңбек еткен келесі білім беру ісінің ардагерлеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің алғыс хат және қала әкімдігінен арнайы сыйлықтар тарту етті: Куләш Тургамбаеваға (№129 балабақша меңгерушісіне), Эльмира Джаппароваға (№55 балабақша меңгерушісіне), Наталья Малюковаға (№53 балабақша меңгерушісіне), Светалана Сошниковаға (№117 балабақша меңгерушісіне), Галина Ткачукқа (№101 балабақша меңгерушісіне), Күлімхан Урахановаға (№121 балабақша меңгерушісіне), Арыстанбек Мусурманкуловқа (№9 музыка мектебінің директорына), Думан Мамбетеевке (№ 14 жалпы білім беретін мектеп директорына).

Сонымен қатар іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым вице-министрі А.К.Аймагамбетов барлық мұғалімдерді жаңа оқу жылдың басымен құттықтап, кеңес қатысушыларды 2018-2019 жылдардың оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен негізгі міндеттерімен таныстырды. Сондай-ақ А. Аймагамбетов Алматы қаласының үздік ұстаздарына «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгілерін табыс етті. «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегерлері: Билалдин Ахметов, полиграфия колледжының директоры; Алмажай Дүйсембаева,№ 136 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; Светлана Вольхина, учитель математики специализированного лицея № 165 мамандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімі; Баян Аманқұлова, № 148 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі. «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгісімен марапатталғандар: Үмітжан Матакова, №111 гимназия директоры; Ляззат Сраилова,№ 59 мектеп-гимназияның тарих пәні мұғалімі; Гүлнар Нұрмолданова, сервистік қызмет көрсету колледжінің оқытушысы. Тамыз кеңесінің сонында қатысушыларға қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен арнайы концерттық бағдарлама ұйымдастырылды. Атап айтсақ, Бүркіт, Сәкен Майғазиев, Серік Ибрагимов, Гүлнұр Оразымбетова, шоу-балет «Rise», және де «Голос. Дети» телевизиялық жобасының төртінші маусымының жеңімпазы Данелия Тулешова сахна төріне шықты.

 

 

 

 

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online