Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

                                                         Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!

Жаңа 2018-2019 оқу жылы қарсаңында Алматы қаласында биылғы жылы 1 тамыздан бастап 30 қыркүйек аралығында «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету!» ұранымен «Мектепке жол» жыл сайынғы жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан және қиын өмірлік жағдайдағы балаларға қолдау көрсету бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.

Акцияның мақсаты мектеп жасындағы балаларды толық білім және тәрбиемен қамту, сонымен бірге балалардың мектепке әлеуметтік себептерге байланысты келмеуін алдын алу болып табылады.

Азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру және оларға консультативті көмек көрсету мақсатында барлық білім беру ұйымдарында және аудандардың білім бөлімдерінде «жедел желі», сенім телефондар және қоғамдық қабылдаулар жұмыстары ұйымдастырылды. Алматы қаласының Білім басқармасында акцияның басынан бастап 272-11-00 сенім телефоны ұйымдастырылып, азаматтардан 50-ден астам қоңыраулар түскен.

Акция аясында құқық қорғау органдарымен бірлесіп, рейдтік жұмыстар жүргізілуде және мектепке дайындық кезінде балаларға көмек көрсетуге дайындықтарын білдірген демеушілер және меценаттармен белсенді жұмыс ұйымдастырылуда.

Акцияға демеушілер ретінде белсенді қатысқандардың ішінде «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы, Әуезов және Бостандық аудандарының әкімдіктері, жеке кәсіпкерлер, бизнестің өкілдері, ата-аналар қауымдастығы, мектептердің педагогикалық ұжымдары және басқаларын атауға болады.

Қазіргі таңда «Мектепке жол» акциясы аясында мектеп және спорттық формасы, оқу құралдары мен рюкзактар түрінде 500-ге жуық балаға көмек көрсетілді.

«Мектепке жол» акциясы жалғасуда.

 

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online