Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Орта білім беретін үздік ұйым

Қалалық «Орта білім беретін үздік ұйым»
грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілеу»
конкурсы туралы ақпарат

Білім басқармасының 2018 жылғы 10 сәуірдегі №107 бұйрығына сәйкес Алматы қаласында 14 мамыр мен 25 маусым аралығында «Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілеу» атты байқау ұйымдастырылып, өткізілді. Байқау Қазақстан Республикасы Үкіметінің        2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 қаулысында бекітілген Ережелерге сай, тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені жалпылау және тарату, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтардың кәсіби және жеке өсуін ынталандыру  мақсатында ұйымдастырылды.
Байқаудың аудандық кезеңі 2018 жылдың 16-27 сәуірі аралығында өтті.
2018 жылдың 16 мамырында өткізілген қалалық кезеңге аудандардан бес білім беру ұйымы іріктеліп алынды:

  1. Алмалы ауданындағы №90 мамандандырылған мектеп-лицей;
  2.  Әуезов ауданындағы І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия;
  3. Бостандық ауданындағы Махатма Ганди атындағы № 92 мамандырылған лицей;
  4. Медеу ауданындағы Ы. Алтынсарин атындағы № 159 гимназия;
  5. Түрксіб ауданындағы №198 жалпы білім беретін мектеп.

         Конкурста үздік педагогтар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ғылыми қызметкерлер, білім және ғылым саласындағы бақылау департаменті өкілдері, қалалық педагогикалық қызметкерлер одағы, психологтардан құралған комиссия төрелік етті. Қазылар алқасының төрайымы – Алматы қаласы Әкімінің орынбасары А.О. Қырықбаев.
Қалалық конкурстың қорытындысы бойынша комиссия Медеу ауданындағы Ы. Алтынсарин атындағы    №159 гимназия үздік деп таныды.
Қалалық конкурстың қорытындысы бойынша «Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілеу» конкурстағы үздік мектепке қала Әкімінің 22 млн. 627 мың теңге көлеміндегі грантына ие болды.
Конкурстың лауреаттары: Алмалы ауданындағы №90 мамандандырылған мектеп-лицей, Әуезов ауданындағы І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия, Бостандық ауданындағы Махатма Ганди атындағы №92 мамандырылған лицей, Медеу ауданындағы, Түрксіб ауданындағы №198 жалпы білім беретін мектеп Алматы қаласы Әкімінің Дипломдарымен марапатталды.

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online