Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Мектеп оқушыларының транспорт саласындағы білімдерін тереңдету және осы салаға деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған байқау

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Ұлттық зияткерлік меншік институтымен бірге Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Үшінші модернизация: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында қойылған тапсырмаларды іске асыру аясында мектеп оқушыларының транспорт саласындағы білімдерін тереңдету және осы салаға деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған байқау ұйымдастырады. Байқау алғаш рет 2017 жылы өткізілген.

Байқаудың серіктесі – франко-британдық Крэнфилд ғылыми-зерттеу университеті (Сranfield University), демеушілері «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларын дамыту қоры және «Эйр Астана» ұлттық әуе тасымалдаушысы болып табылады.

Байқауға физика-математика және жаратылыстану ғылымы саласында жетістіктері бар, сонымен қатар жеке жобалық қызметте тәжірибесі бар жалпы білім беретін мектептің 16-18 жас аралығындағы оқушылары қатыса алады. Қатысушыларға қойылатын басты талап ағылшын тілін білу. Астанада өтетін кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар 2018 жылдың 19-26 тамызы аралығына Крэнфилд университетіне (Лондон қ.) оқу-танымдық сапарға жіберіледі.

 

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online