Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Алматы қаласы Алмалы ауданы «№15 Гимназия» КММ-нің түлектері ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясындағы «Ел жүрегі - Астана» концепциясын қолдай отырып, түрлі іс-шаралар өткізді.

           Алматы қаласы Алмалы ауданы «№15 Гимназия» КММ-нің түлектері ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясындағы «Ел жүрегі - Астана» концепциясын қолдай отырып, түрлі іс-шаралар өткізді. Биылғы 2017-2018 оқу жылының түлектері арасында мектептің өзін-өзі басқару ұйымының біршама мүшелері де бар. Бұл балалар 2 жыл бойы мектепішілік түрлі іс-шаралардың ұйытқысы, әрі ұйымдастырушылары бола білді. Сондықтан ҚР Білім және Ғылым Министрлігі концепциясының негізінде өздері бірлесе отырып, «Балаларға көңілді демалыс сыйла!» атты акциясын өткізбек. Гимназиямыздың түлегі Лян Олег: «Біз, түлектер, өзіміздің артымыздан жақсы амалдар, игі істер қалғанын қалаймыз. Барлық ата-аналар бірдей өз балаларына жазғы демалыс, қуаныш сыйлай алмауы мүмкін. Сондықтан оқушылардың жазғы лагерьде демалуына бірлесе отырып, көмек қолын созуды ұйғардық. Бұл жағынан біз, өзге де өзіміздің жеке мерекелерімізге арнайы уақыт бөле алмауымыз мүмкін, алайда өзіміз оқыған мектептің оқушыларына кішкене болса да қуаныш сыйлай аламыз деп ойлаймын. Әрі уақытымыз сапалы, тиімді өтетініне сеніміміз мол» Маткава Леван: «Біз бұл акцияның гимназиямызда дәстүрлі түрде кейін де жалғасқанын қалар едік. Өзіңе ғана емес, өзгеге де қуаныш сыйлау ойымызды барлық достарымыз, түлектер де бірауыздан қолдады. Себебі, қоғамда бір-бірімізге көмектесуіміз керек деп ойлаймын. Сондықтан «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» деген ұранды ұстандық»

Түлектеріміздің бұл ойын гимназия директоры Б.Р. Оспанбек те, ата –аналар да қолдады. 2018 жылдың 25-мамырында өткен соңғы қоңырау салтанатты жиынында Гимназия қамқорлық ұйымының мүшесі, 11 «В» сынып ата-анасы Агибаева Ф.А. мектеп бітіруші түлектер ата-аналарының атынан «Спутник» жазғы лагеріне жолдама сертификатын тапсырды. Сертификатқа ие болған оқушылар: 5 «А» сынып оқушысы Нәби Аяла, 5 «Б» сынып оқушысы Серікқалиев Ерасыл, 5 «Г» сынып оқушысы Закиржан Сырым, 7 «Е» сынып оқушысы Жанатқали Алихан, 7 «Д» сынып оқушысы Байтулаков Омар. Бұл мектеп бітіруші түлектер жыл бойы бұдан өзге де акциялар ұйымдастырып, іс жүзінде дәлелдеп, көрсетіп те үлгерді. Олар: «Бір тал кессең, он тал ек», әр сыныптан макулатура жинақтап, тазалық, ұқыптылыққа баулу жұмыстарын жүргізді, сонымен қатар, тәжірибе алмасу мақсатында «Bookcrossing» жүйесін ұйымдастырды.  

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online