Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Алматы қаласы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасындағы «Үздік педагог-2018» қалалық байқауының өткізілуі жөнінде ақпарат

       Алматы қаласы Білім басқармасының 2018  жылғы  30 наурыздағы № 83 бұйрығына сәйкес  Алматы қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог-2018» байқауы  өткізілді.

Байқаудың мақсаты: педагог мәртебесін көтеру, жоғары жетістіктерге жеткен педагогтерді анықтау және марапаттау.

Байқаудың өту кезеңдері:

Бірінші кезең – аудандық. 2018 жылғы 2 – 20 сәуір аралығында өткізілді. Байқаудың I - ші кезеңін өткізу үшін, әрбір аудандық білім бөлімі жанынан ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы құрылды.

Байқаудың I - ші кезеңіне 179 мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарынан 98 тәрбиеші және 203 мемлекеттік орта білім беру ұйымынан 99 мұғалім барлығы 197 педагог қатысты.

Бұл кезеңде әрбір білім беру ұйымдарынан ұсынылған педагогтердің портфолиолары қаралып, кәсіби жетістіктері сараланып, жеңімпаздар мен байқаудың екінші кезеңіне қатысатын педагогтер анықталды.

Байқаудың аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша әрбір ауданнан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта жалпы білім беру ұйымдарынан 1 жеңімпаз педагогтен барлығы 18 педагог келесі кезеңге жолдама алды.

Алматы қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары бойынша жеке ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы құрылып, жұмыс істеді. Қала бойынша 22 мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан байқаудың бірінші кезеңіне 21 педагог қызметкердің құжаттары ұсынылды. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарынан 2 жеңімпаз педагог байқаудың келесі кезеңіне қатысуға ұсынылды.

Байқаудың аудандық кезеңіне қатысқан 218 педагогтің 18 жеңімпазы қалалық кезеңге ұсынылды.

Екінші қалалық кезең 2018 жылы 2 – 25 мамыр аралығында өтті.

Байқауға қатысушылардың портфолиосының мазмұнын талдау нәтижесін сараптай келе, педагогтердің кәсіби қызметінің нәтижелілік көрсеткіші мен байқау бейнесабақтарын бағалау көрсеткіштерінің қорытындысы мен білім беру деңгейі бойынша мына педагог қызметкерлер жеңімпаз деп танылды:

«Үздік педагог - 2018» Республикалық байқауына келесі педагогтер ұсынылды:

        - Садыкова Бахтыгуль Сейтсултановна, №173 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі;

           - Тәуекелова Гулбану Қонысбайқызы, № 57 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

        - Арын Ержан Омарұлы, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

    - Парменова Маржан Сагинаевна, №176 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі;

     - Арзикулова Гульмира Азкеновна, № 59 мектеп-гимназияның география пәнінің мұғалімі;

    - Сулейменова Манзура Рахматуллақызы, «№69 бөбекжай-балабақшасы» КҚК тәрбиешісі;

       - Дуйсенбаева Асем Аманжановна, Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.

 

 

 

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online