Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Алматы қалаcында өтетін балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің Шеруі туралы

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Халықаралық балаларды қорғау күні (ағымдағы жылғы 1 маусым) Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің Шеруін өткізуді жоспарлап отыр.



Шерудің мақсаты – бұл «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяны іске асыру жағдайында эстетикалық және патриоттық тәрбие факторы ретінде балалар мен студенттердің салтанатты, көше-фестивальды шеруді қолдау және дамыту. 
Шерудің міндеттері балалар мен жастардың музыкалық мәдениетін арттыру ғана емес, өзінің білім ұйымына мақтаныш және қатыстылығын қалыптастыру, республиканың білім мекемелерінің беделін көтеру және жарнамалау. Шеру – бұл біздің еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін кең көлемді республикалық акция. 
Бұл шара алғаш рет өткізіліп отырғандықтан, республиканың мәдени өмірінде бірегей оқиға болады. 
Бұл күні бір уақытта әр облыстық орталықтарының, Алматы және Астана қалаларының орталық көшелерінде барабаншылар отряды, үрлемелі оркестрлер мен ансамбльдер, мажореткалар, черлидерлер, хор және би ұжымдары жүріп өтеді. 
Қызықты репертуар, музыкалық инструменттердің әртүрлілігі, шығармалардың аранжирлеушілік түпнұсқалығы, бірнеше түрдегі музыкалық қызметтің бірігуі: ән айту, қимыл, аспаптарда ойнау; музыкалық ұжымның бірыңғай формасы; бұның барлығы балалық шақ мейрамын ең жарқын және есте қаларлықтай көрініс етеді. Музыкалық-театрландырылған шеру мерекелік қалып тудыру әсерлі тыныс береді. 
Шеру - музыкалық ұжымның әр қатысушы үшін көркем-эстетикалық дамудың түрі, балалардың, педагогтар мен ата-аналардың шығармашылық жетістіктерін көрсететін орасан зор мүмкіндік. 
Шеруді дайындауға оқушылар, студенттер, мектеп мұғалімдері, колледждер мен ЖОО-ның оқытушылары, ата-аналар мен мәдениет және спорт өкілдері белсенді қосылды.

Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online