Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

2018 жылдың 18 мамырында Алматы қаласы Білім басқармасының жоспарына сай Алматы көпсалалы колледжінің базасында «Мамандықтар әлемін ашамыз» тақырыбында қалалық кәсіби бағдар форумы өткізілді

                                   Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті

        2018 жылдың 18 мамырында Алматы қаласы Білім басқармасының жоспарына сай Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі менҒылыми-әдістемелік және инновациялық жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен, Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасының қолдауымен, Алматы көпсалалы колледжінің базасында «Мамандықтар әлемін ашамыз» тақырыбында қалалық кәсіби бағдар форумы өткізілді. Форумның мақсаты: болашақ Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасына қажетті және сұранысқа ие мамандықтарды білім алушылардың дұрыс таңдауы, мамандыққа шығармашылықпен қарауын арттыру, педагогтар мен білім алушыларды біріккен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар жұмысына тарту болып табылады.

        Қалалық форумға мектеп директорларының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, қала колледждерінде оқуға ниет білдірген бес жүзге жуық 9-11 сынып оқушылары ата-аналарымен шақырылды. Кез-келген оқушыны «Мен болашақта қандай мамандықты таңдасам екен?» немесе «Таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін?» деген ойлар мазалайтыны анық. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Бұл жерде ата - ананың, туған - туыстың, кеңесіне құлақ қойған да жөн. Форум барысында жиналған мектеп оқушыларына колледж мамандары оқу орындарының артықшылықтары мен жетістіктерін айтып, кәсіби бағыт бағдар берді. Колледждегі мамандықтармен таныстырып, қызығушылық танытқан мектеп түлектерінің сауалдарына жауап беріп, ақпараттық парақтар таратылды. Аталмыш іс-шараға келген қалалық мектеп түлектері қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарай жүрек қалауымен жақсы мамандық таңдау жолында бағдарлы ақпараттар алды.

        Форумда әртүрлі қойылымдар, тренингтер, шебер сыныптар өткізіліп, әр мамандықтар бойынша бейнероликтер көрсетіліп, көрмелерұйымдастырылды.    «Мамандықтар әлемін ашамыз» атты форумға «Алматы»отандық телеарнасы қызығушылық танытып, ұйымдастырушылар мен жас түлектерден сұхбат алып, халықтың назарына ұсынылды. Бүгінгі шәкірт – ертеңгі болашақ. Сондықтан олардың бүгіні мен келешегі бәрімізді де алаңдатары сөзсіз. Жас ұрпаққа саналы тәрбие беріп, болашағына дұрыс бағыт беру – оқытушылар қауымының міндеті болса керек. Бұл ата – аналар қауымына да ортақ іс. Сондықтан бүгінгі форумдағы ақыл–кеңес балаларымызға үлкен ой салып, болашақта таңдаған мамандықтарын қателеспей табуына көп түрткі болады деп үміттенеміз.Ең қиын мамандық - адам боп қалу» демекші мамандық таңдауда адаспай, адамдық биіктен аспай, жақсы азамат болуларына тілектеспіз. «Неге арналсаң, соны істе» деп, Абай атамыз айтқандай, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн. Осы қалалық форумды өткізуге белсенді ат салысқан Көпсалалы колледж басшылығы мен ұжымына алғысымызды білдіреміз.

 

 

 

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online