Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

2017-2018 жылғы «Әліппе» апробациялау пилоттық проектісі бойынша есеп

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2017 жылдың 7 тамызында № 392 бұйрығымен «Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 455 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізді.

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 455 бұйрығы толықтырылған 2-қосымшаға сәйкес, мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламаларын, бастауыш білім берудің оқу бағдарламаларының, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациялау шеңберінде «Әліппе» - «Букварь» апробациялау бойынша 30 пилотық мектептің құрамындағы 18 мектепалды даярлық сыныптарының және 30 балабақшаның тізімі бойынша, Алматы қаласы   КММ № 15 гимназия «Алматыкітап», МКҚК № 65 бөбекжай-балабақшасы «Арман-ПВ», МКҚК № 78 бөбекжай-балабақшасы «Атамұра», МКҚК       № 110 бөбекжай-балабақшасы «Шикула және К», МКҚК № 185 бөбекжай-балабақшасы «Атамұра» баспаларымен жұмыс атқаруда.

«Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес ашық сабақ ағымдағы жылдың мамыр айында Алатау ауданына қарасты МКҚК «№ 78 бөбекжай-балабақшасы» «Ц дыбысы мен әріпі», Түрксіб ауданына қарасты МКҚК «№ 65 бөбекжай-балабақшасы» «Разделительный твердый знак», Түрксіб ауданына қарасты МКҚК «№ 185 бөбекжай-балабақшасы» «Звук Ч и буква его обозначающего», Медеу ауданына қарасты МКҚК «№ 110 бөбекжай-балабақшасы» «Алақай, өзіміз оқимыз», МКК «№ 15 гимназия» «Как стать чемпионом? Звук [ч']. Буква Ч., тақырыптары бойынша ашық сабақтар өткізілді.

Сонымен қатар, тәрбиешілердің оқу қызметін үйрету әдіс-тәсілдерін, тәрбиеленушілермен қалай тіл табыса жұмыс жасай білу керектігін қадағалап қана қоймай балаларды да бақылау үстінде болдық.

Оқу қызметі барысында, балалардың оқу қызметіне деген қызығушылығы арта отырып, тәрбиешілер уақыттарын үнемді пайдаланып, қойылған мақсаттарына жете білді.

Балалар өздері көріп тұрған немесе жазған әріптерінен буын құрай алатындықтарын көрсетті. Олар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан құралып тұрғанын ажыратып, жинақтау арқылы дыбыстардан буын буындардан сөз құрап үйренген.

Балалардың бойында мынандай біліктер қалыптасқан:

$          -  дыбыстарды, буындарды орын-орына қойып, сөз құрастырып, сөзден сөйлем құрастырады;

$          - сөздердегі жуан (ъ) және жіңішке (ь) белгілердің айырмашылығын ұғады;

$          - әліппедегі мәтіндерді оқығанда тыныс белгілерін сақтап оқи алады;

$          - қысқа өлеңдерді жатқа айта алады;

$          - қарапайым логикалық жаттығуларды орындай алады.

Қалыптасқан дағдылары:

$          - сөзді буындап және тұтас сөздерді, сөйлемдерді дұрыс оқи алады;

$          айтылуы мен жазылуы бірдей, кейбір сөздерді жаза алады;

$          - жазған сөздерін тексере алады;

$          - әріптерді бір-бірімен жалғап жаза алады.

Өткізілген ашық сабақтар http://15.alschool.kz/index.php,  http://78.almatybala.kz/,  http://65.almatybala.kz/http://185.almatybala.kz/,  http://110.almatybala.kz/, http://bilimainasy.kz сайттарында, «Білім айнасы» журналында, «Казинформ» веб-сайтында жарияланды.  

 

 

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online