Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

2018 жылдың 27 наурызы күні Алматы қалалық Білім басқармасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Бағдарламалық мақаласының негізгі тұжырымдарын жүзеге асыру іс-шараларының Желілік кестесіне сәйкес қалалық ғылыми-тәжірибиелік конференциясы өт

           2018 жылдың 27 наурызы күні Алматы қалалық Білім басқармасы ҚР Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Бағдарламалық мақаласының негізгі тұжырымдарын жүзеге асыру іс-шараларының Желілік кестесіне сәйкес тарихшы мұғалімдердің форумы – «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері» ұлттық жобалары тұжырымдарын тарих сабақтарында жүзеге асыру мәселелері» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибиелік конференциясын өткізді.

           Конференцияның өткен орны: ҚР БҒМ Ш.Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институты.

         Конференцияның мақсаты: Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері» ұлттық жобалары тұжырымдарын тарих сабақтарында жүзеге асырудың мазмұндық, әдістемелік, ұйымдастыру мәселелерінталқылау үшін тарих пәні мұғалімдерінің тарихшы ғалымдармен, әдіскер ғалымдармен, оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер авторларымен пікір алмасуына жағдай жасау.

         Конференция жұмысына ҚР БҒМ Тарих және этнология институтының, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғалымдары, магистранттары мен докторанттары, ҚР Орталық мемлекеттік мұражайының басшылары, «Мектеп» және «Атамұра» баспалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының («Вечерняя Алматы» газеті, «Открытая школа» журналы т.б.) өкілдері, оқу-әдістемелік кешендердің авторлары, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Алматы қаласының білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен әдістемелік сала қызметкерлері, барлығы – 465 адам қатысты.

         Конференция жұмысының қорытындысы бойынша:

– Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ғалымдары мен мектеп мұғалімдерінің шығармашылық тобы Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Бағдарламалық мақаласының, «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері» ұлттық жобаларының негізгі тұжырымдарының ғылыми, тарихи-әлеуметтік маңызы бойынша мектеп мұғалімдері мен оқушыларға арналған ғылыми-көпшілік әдебиеттерді дайындау жұмысын қамтамасыз ету;

– ҚР Орталық мемлекеттік мұражайының Алматы қаласының білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыстарын кешенді-жүйелі негізде жоспарлауды қамтамасыз ету;

– жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларына сай дайындалған оқулықтар мен ОӘК авторларымен мұғалімдердің оқу және әдістемелік семинарларын жүйелі ұйымдастыруда баспалармен бірлескен жұмыс жасауды қамтамасыз ету туралы ұсынымдар қабылданды.

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online