Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Білім беру ұйымдарының назарына!

Алматы қаласы Білім басқармасы 2018 жылғы 28-29 сәуірде балалар мен жасөспірімдер арасында ғылымды, техниканы және шығармашылықты кеңейту мақсатында қала әкімі кубогының «ALMATY TECH CUP» Робот техникасы және инновациялық технологиялар бойынша V Ашық чемпионатын өткізеді.

         Чемпионат екі бағытта жүргізіледі:

         «Жобалар»:

        - Инженерлік жоба;

        Бағдарламалық жоба;

     - WRO 2018 (Open Category).

«Жарыстар» 

  Роботтар сайысы: сумо, кегельринг, лабиринт;

             - WRO 2018 тапсырмалары (Regular Category).

Чемпионатта Республиканың барлық аймақтарынан мектеп, үйірме оқушылары, колледж және жоғарғы білім беру ұйымдарының студенттері қатыса алады. Чемпинат жайлы толық ақпарат (өтініш беру, ережелер, өткізу тәртібі және т.б.) www.techcup.kz сайтында жарияланады.

         Сонымен қатар Чемпионат аясында қатысушылар және барлық келушілерге арнап стартап-жобалары бойынша шеберлік-сабақтар, семинарлар, таныстырылымдар өткізіледі. Чемпионатқа кіру барлық келушілер үшін тегін.

         Биылғы жылы алғаш рет Чемпионат Алматы қаласы әкімінің кубогына өтеді. Арнайы кубоктың жеңімпазы Чемпионаттың барлық конкурстары бойынша бір оқу орнының командалары жинаған ұпайлардың қосындысы бойынша анықталады.

         Сонымен қатар, биыл алғаш рет Білім басқармасы аталған іс-шараға ерекше қажеттіліктері бар балаларды шақыруда.

         Ерекше қажеттіліктері бар оқушылар үшін арнайы ойын алаңы (орын), қауіпсіз кедергісіз орта, мейірімді атмосфера қамтамасыз етіледі.

         Барлық келушілер үшін өз мүмкіндіктерін сынап көруге мүмкіндік беретін арнайы бейімделген үстел ойындары орнатылады.

Іс-шараның барлық қатысушыларына грамоталар табысталады, Чемпионаттың жеңімпаз командалары және команда басшылары Чемпионаттың ұйымдастырушылары мен демеушілері ұсынған дипломдар және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Сондай-ақ, Чемпионат демеушілері барлық қатысушылар үшін сыйлықтар қарастыратын болады.

Чемпионаттың алдын-ала бағдарламасы:

2018 жылғы 28 сәуір – қатысушыларды күтіп алу және тіркеу, Чемпионаттың ашылуы, мастер-класстар, семинарлар, презентациялар және чемпионат жарыстарын өткізу.

2018 жылғы 29 сәуір – Чемпионаттың салтанатты жабылуы, жеңімпаздарды марапаттау, қала әкімі кубогымен марапаттау және қатысушыларды шығарып салу.  

 

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online